Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол шалмен өзім сөйлесемін: Шымкенттік әжей Төреғали ренжіткен павлодарлық қарияны сынап, жұртты күлдірді (видео)

Дөрекі сөз айтып, намысына тигені үшін егде жастағы кісіні залдан қуып шыққан Төреғали жаппай халық сынына ұшыраған болатын. Алайда қанша жағымсыз сөзге қалса да, халықтың әлі де Төреғалиге деген ыстық ықыласы ерекше, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Төреғали Төреәлі

Мәселен, жуырда шымкенттіктер Төреғалиге ақбоз ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Оңтүстік халқының Төреғалиге деген ризашылығы мұнымен шектелмейді.

Әншінің Оңтүстікте өткен концертіне келген әжей сахнаға шығып алып, Төрешке бата берді. Сөз соңында павлодарлық қарияны сөз етіп, онымен өзі сөйлесетінін мәлімдеді.

“Сен біздің баласың, жарығым. Алланың саған берген несібесі. Осыны қорғап, қоршай біл. Немене, саған бір шал тиісіп жүр дей ме? Ол шалмен өзім сөйлесемін. Осындай балаға қалай айтады ол? Қайта осындай балаға қуанбай ма? Айналайын, бақытты бол”, – деген әжейдің сөзі көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Тағы оқыңыз: 

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге бейнеклип түсірді

Қазақ түсірмегені көрініп тұр: Отандық танымалдар “Әміре” фильмін қатал сынға алды

Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен

Қарындасының туған күніне ерекше сый жасаған Төреғали көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Талқылау