Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақ боз ат мінгізді (видео)

Бүгін әнші Төреғали Төреәлі Шымкент қаласында меркелік ән кешін өткізу үшін арнайы барды. Өз кезегінде Ұлы дала баласын қуана қарсы алған қала тұрғындары оған ақ боз ат мінгізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақ боз ат мінгізді (видео)

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазып, аталған сәттің видеосын жариялады.

Видеода халықтың қошеметіне бөленген Төреғали ақ боз атқа мініп, ат үстінде ойнақтап жүр.

«Айналайын, Шымкентім-ай, десеңші! Ақ боз ат мінгізіп жатқан мақтадай аппақ көңілдеріңізден айналайын. Мамыражай мамыр айы құтты, берекелі болсын, ағайын!» – деп жазды әнші.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншіге құрмет көрсеткен Шымкент халқына риза болды.

Айта кетсек, Төреғали Төреәлі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында мерекелік ән кешін өткізбек.

Оқи отырыңыз:

Бірге суретке түспек болған тыңдарманы екі саусағын көрсеткен Қанаттың қолын қағып жіберді (видео)

Динара Қырықбаеваның қызы сүйкімділігімен жұртты сүйсіндірді (фото)

Қайрат Нұртас тойда ламбада әнін шырқап, қонақтарды билетіп жіберді (видео)

Қуыршақ сияқты: Жаңа көйлегін көрсеткен Сиви Махмуди жұртты таңғалдырды (фото, видео)

Талқылау