Сал болып туған жан 40 жасында грантпен оқуға түсті

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 21:59

Тумасынан БЦС (ДЦП) дертіне шалдыққан қызылордалық Нұрмұхаммед Әбілқасымов қырыққа таяған шағында жоғарғы оқу орнына түсіп, мемлекеттік грант иегері атанды. Ақынжанды жігіт мүмкіндігі шектеулі бола тұра сынақтан сүрінбей өтіп, өзі армандаған мамандыққа оқуға түскеніне дән риза.

сссс
Бұл туралы 31 арна жазды.

“Ішім жылап тұрса да, бетім күліп

Шыдамнан туған жоқ шек қылық

Икемсіз бойым болғанмен

Ойыма берген ептілік.”

Бұл Нұрмұхаммедтің ақ жүрегінен шыққан өлеңі. Тағдырына арыз айтпайтын ақынның арманы да асқақ. Бала кезден өлеңге құштар болған жанның мұңын бөлісер серігі қаламы мен қағазы. Жақында Нұрмұхаммед Әбілқасымов өз мақсатына жетті. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімінен өзін көрген ақын жігіт арманына жақындағандай болыпты. Ол журналистика мамандығы бойынша Қызылордадағы жоғары оқу орындарының біріне білім грантын жеңіп алды. Оның айтуынша, шығармашылық адамы үшін бұл мамандыққа түсу қиын емес.

«Қазақ деген халық жылқы сияқты халық қой. Ал тест аламан бәйге сияқты. Аламанның алдыңғы қатарына  қосылғаныма өзіме-өзім сенбей, қуанып жүрмін. Мен өзімді жылқыға теңеймін. Шапқанымды. Сүрінгенімді. Қиналғанымды. Құдайға шүкір деймін», – деді Нұрмұхаммед.

Нұрмұхаммедтің осыдан бір жыл бұрын сүйіп қосылған жары – Әйгерім Нұрланова. Әйгерім жұбайының  оқуға түскеніне  қатты қуанған. Ал емтиханға мұғалімдердің көмегінсіз өзі дайындалған Нұрмұхаммедке барынша жағдай жасауға тырыстқан екен.

«Бақыттымыз. Құдай қаласа, Нұреке де оқуға түсті. Уайымдап жүргенмін негізі. Оқуға түсіп қуандық бәріміз», – деп пікір білдірді Әйгерім.

Армандар орындалады. Ал аядай ауылдың кең жүректі тұрғыны Нұрмұхаммед Әбілқасымов оқуын тәмамдаған соң  ұшқыр қаламды журналист боламын деп талаптанып отыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Арман Əзімханұлы says:

    Алланың рахымы шексіз. Жолың болсын, қаламың ұшты, қадамың құтты болсын!

  • Анонимно says:

    Талабыңа нұр жаусын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар