Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің баянсыз махаббат жайлы клипі көптің көзіне жас келтірді (видео)

Сәкен Майғазиевтің баянсыз махаббат тақырыбындағы бейнебаяны көптің көзіне жас келтірді. Тыңдармандар әншінің жаңа жұмысын жоғары бағалап, оған алғыс айтты, деп жазады Stan.kz.

Сәкен Майғазиевтің баянсыз махаббат жайлы клипі көптің көзіне жас келтірді (видео)

“Сағынып жүрмін” атты тректің сазын – Бауыржан Бимахан, ал сөзін – Ринат Зайытов жазған. Ал көптің жүрегін елжіреткен клипте басты рөлді Шәріп Серік пен Бибігүл Сүйіншалина сомдаған.

Бейнебаян желісі екі ғашықтың бір-біріне деген сезімін суреттейді. Романтика, махаббат – барлығы жақсы. Тек жауапты сәт келгенде басты кейіпкер қыз апатқа ұшырайды. Кәсіби актерлердің ойыны мен Сәкеннің әні үйлесімділік тапқан бұл туынды тыңдармандардың жүрегін елжіретіп жіберді.

“Жылап көрмеу мүмкін емес”, “Өте әсерлі екен соңғы жағы”, “Сәкен аға, тамаша өлең, керемет клип. Денем түршігіп кетті, жарайсың”, “Көзге жас келтіретін туынды екен”, – деп жылы лебізін білдірді олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау