Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев “тұсау кескенге қыруар қаржы алады” деп сынағандарға жауап берді

Балақайлардың тұсауын кесетін Сәкенді бастапқыда көпшілік «ақша алады» деп айыптаған еді. Алайда салт-дәстүрді қадірлеймін деген әнші, пайдақұмарлыққа ешқашан жол бермегенін айтқан-ды. Енді, Майғазиев сол бүлдіршіндердің болашағына қатты алаңдап жүрген көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сәкен Майғазиев, осы уақыт ішінде 60-қа жуық бүлдіршіннің тұсауын кесіп үлгерген. Алғашқыда әр ұсынысқа қуана келіссе, кейін ойланатын болыпты. Өнер иесі ата-аналардың сеніміне сызат түсіріп алудан сескенетін көрінеді.

“Мені үлгі тұтып, Сәкенге ұқсасын деп тұсауын кестіріп жатқанда, ертең мен бір жерде шалыс басып, қателік жасап жатсам… «Мәссаған, мынау Сәкенге тартса деп тұсауын кестіріп едік. Ертең баламыз осындай болып жүрмесе болғаны», – деген сияқты, бір жаман атқа қалдырмасам екен деген, ол да бір аманат”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Сақал қойған “Күлпәш” өзін сынағандармен қайтпай ұрысты (фото)

Танымал тұлғалар шахтерлердің жалақысын көтеруді талап етті

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Талқылау