Сәкен Майғазиев концертінде бидің түбін түсірмек

Осы уақытқа дейін сахнада еш қимылсыз ән салып келген Сәкен Майғазиев, жуырда жоспарланған кешінде бидің түбін түсіруге бел буып отыр. Бірақ, бұл жолы тойдағы еркін қимылдар емес, кәдімгі кәсіби мамандардан сабақ алып жатыр. Десек те, 43 жасқа келген әнші тосын өзгеріске төтеп бере алуда ма?!

Фото Ревю бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Мезгілінен кеш сермедім» болып тұр енді, 43-ке келіп қинап жатыр. Әйтпесе «жас кезімнен бастағанда жақсы болар еді» – деген, ой ғана мазалайды”, – дейді Сәкен сері.

Өмірінің басым бөлігін әнге арнаған Сәкеннің, биге келгенде тосылып қалатыны бар. Дегенмен, жаңашылдыққа жаны құмар әнші, бүгінде хореографияның қыр-сырымен танысып, жеке кешінде тыңдарманға тосын-сый жасамақшы…

“Ролик түсірер кезде ғана дайындалдым. Оған дейін өмірімде билеп көрген емеспін. Біреумен қимылдап, денені қыздырып… Біз ойлаймыз ғой шығады да олар «патыр-пұтыр» жасайды да кетеді деп. Әшейін бір минуттық роликке, бір жарым ай дайындалдым мысалға. Сол себепті, үлкен ыждаhаттылықты талап етеді”, – дейді “Музарт” тобының әншісі.

“Біз концертте би қойылымдарының болатынын айтқанда, Сәкен аға ұсынысымыздан бас тартты. Бастапқыда сенімсіздік болды. Бірақ біз көндірдік. Қазіргі нәтиже жақсы. Тіпті біз ойлағаннан да асып түсті десем, артық айтқандығым емес”, – дейді хореограф, режиссер Андрей Хван.

Ал, стилисттің сөзіне сенсек, бұл кештегі образдар да бұрын-соңды болмаған. Қызу дайындыққа кіріскен Майғазиев, ауқымды шоуға алты бірдей сахналық костюм тіктіріп жатыр.

“Кейбір образдарға Сәкен ағаны көндіруге тура келді. Өйткені режиссердың ойы бар, менің де ойым бар. Бірінші образын ашығымен айта аламын. Классика дейміз ғой. Соның өзінде де біз өзгертуге тырыстық. Қызыл түсті алдық, бродвей стилінде жасап шығарған образымыз”, – дейді стилист Жұмабек Елеуов.

«Музарттық» әншінің жеке концерті халықаралық әйелдер мейрамының қарсаңында өтеді. Нәзік жандылардың төл мерекесіне тұспа-тұс келген кеш, «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» деп аталады.

Жіберіп алмаңыз:

Жасырған едік: Майғазиевтің анасы келінінің жүкті екенін түс көріп білген

Гүлназ Әлімгерей: Немересіне орысша сөйлеп отырған ата-әжелерді көріп жаным ашиды

Ата-анам танымай қалды: “Қалаулымның” экс-қатысушысы шоудан кетуінің себебін ашып айтты

Ақан Сатаев Томиристің бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде

Әйгілі қазақ әншілеріне пародия жасаған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар