Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасырған едік: Майғазиевтің анасы келінінің жүкті екенін түс көріп білген

Сәкен Майғазиев жуырда жұбайының жүкті екенін айтып, инста-парақшасы арқылы дүйім жұрттан сүйінші сұраған болатын. Бастапқыда отбасындағы жағымды жаңалық жайлы ешбір жанға тіс жармауға бекінген екен. Десек те халықтың батасын алу мақсатында көпшіліктің хабардар болғанын қалапты. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші бұрын-соңды ешбір жерде айтпаған тың ақпараттармен бөлісті.

«Қазақта тіл бар, көз бар. Содан қашқақтап, 4-5 ай толсын, әзірге күте тұрайық деп шамалы жасырып жүрдік. Соңында халықтан сүйінші сұрауды жөн деп шештік. Негізі мен жұбайымды, бала-шағамды жасырмаймын. Менің оқырмандарымның көбісі тілеуқор. Бір-бірімізге дұға тілеп отырамыз. Мен үшін де көп адам жақсы тілекте деп ойлаймын. Сондықтан мен бала-шағамды көрсетуден, жақсы жаңалықтарыммен бөлісуден ешқашан қорықпаймын. Өйткені халқым тілекші», – дейді Сәкен Майғазиев.

Төртінші перзентінің атұстар немесе бұрымды болатынын Сәкен мырза әзірге сыр қылып сақтап отыр. Жанұясындағы жағымды жаңалықтан қыздары Раяна мен Мәриям бейхабар болса, тұңғышы Әділеттің қуанышында шек жоқ!

«Ұл ма, қыз ба Алла біледі. Ұл берсе де, қыз берсе де қайырлысын берсін. Ақылды, білімді, дені сау, парасатты перзент бергенін қалаймыз. Ұлым 4-ші мәрте балалы болатынымызды екі айдан асқанда біле бастады. Әділет ақыл тоқтатты ғой. Қатты қуанды. Бауыры болса да, қарындасы болса да қатты күтіп жүр. Өйткені екі тәтті қарындасы арқылы қыздың қандай жақсы, мейірбан екенін біледі», – дейді “Музарт” тобының әншісі.

Майғазиев алғашқыда жұбайының жүкті екенін анасына да айтпаған. Бір қызығы тылсым күштің әсерімен, ақжаулықты әже немерелі болатынын біліп қойған көрінеді.

«Сенесіз бе? Менің анам түсінде көріп қойыпты. Түсіне әкем марқұм кіріп: «Келінің жүкті болды ғой. Денсаулығы қалай? Хабардарсың ба?» – деген. Алла Тағала тылсым дүние арқылы жеткізіп тұр ғой. Төрт айға толғанда Динараға анам хабарласып: «Түс көрдім. Қалай? Рас па?» – деп. Сөйтіп анамыздан сүйінші сұрадық. Сол кезде әзілдеп күлдік. Сіздің жүрегіңіздің ішіндегі жүрегіңіз сізден сүйінші сұрап қойыпты ғой. Бізде айтайық енді деп, жаңалығымызбен бөлістік», – дейді Майғазиев.

Сәкен көп балалы ата-ана атансақ деген ниетте. Төртінші сәбиін күтіп жүрген әнші, Майғазиевтер әулетіндегі шілдехана тойының да уақытын айтып қалды.

«Алла Тағаладан озып ештеңе айта алмаймыз. Құдай қаласа осы жылдың мамыр айында деп ниеттеніп отырмыз», -деп Сәкен қысқа ғана қайырды.

Айта кетейік, Сәкен мен Динараның тұңғышы Әділет 20 жаста. Үлгілі отбасының үлкен қызы Раяна 2013-ші жылы дүниеге келсе, кішісі Мәриям бүгінде екі жастан асты.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз: 

Ата-анам танымай қалды: “Қалаулымның” экс-қатысушысы шоудан кетуінің себебін ашып айтты

Мейрамбек Бесбаевқа Лондонға тегін жолдама сыйлаған кім (фото, видео)

Өздері ақша тапсын: Миллионер Қайрат Құдайберген балаларына ақша беруден бас тартты

Нұртас Адамбай төсек арқылы танылған актриса жайлы шындықты жайып салды

Мақпал Исабекова ақшаның жетегінде кеткен әріптестерін сынап тастады

 

Талқылау