Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өздері ақша тапсын: Миллионер Қайрат Құдайберген балаларына ақша беруден бас тартты

Әлеуметтік желіде сауатты пост жазып, қоғамдағы мәселелерге өзіндік пікірін білдіретін Қайрат Құдайберген оқырмандарының сынына ілікті. Сэлфи жасап, инстаграмға сурет жүктей қалса, миллионерге қара ниеттілер кереғар пікірді жарыса жазуды әдетке айналдырған. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген бизнесменнің жағымсыз жазба қалдыратын хэйтерлерге айтары бар.

«Маған көбінесе «понтерез» дейді. Орыстың сөзі бар ғой «өз-өзін көрсету» немесе «менменшіл» деп ойлайды көбісі мені. «Қайта-қайта мақтанып, көлікте сэлфи жасай береді» – дейді. Менің басқа жерде суретке түсуге уақытым жоқ. Жай ғана басқа картиналарды салып, өзімнің ойымды жазсам, адамдар оқымайды. Ал менің фотомды көрсе ойымды да оқиды, өздері де пікір қалдырдады. Сол үшін ғана сэлфи жасаймын. Хэйтерлер маған көп нәрсе жазады. Бірақ олардың сөзіне уайымдамаймын. Олар менің ішкі дүниемді өзгерте алмайды. Менің парақшамда үлкен бизнесмендер де, министрлер де отыр. Біз бір-бірімізге пайдалы пост жазамыз», – дейді Қайрат.

Қайрат инста-парақшасы арқылы қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптарды тілге тиек етеді. Кейде Қазақстанда орын алған келеңсіз жайттарға қарап, еліміздің болашағын ойлап, жиі бас ауыртатынын да жасырмайды. Мәселен, жуырда ғана бір-бірімен сүйіскен қазақ қыздарының қылығы бизнесменнің жүрегіне қанжардай қадалған.

«Өзімнің ұл-қызым өсіп жатыр. Инстаграм желісінде көптеген видеолар бар. Қыздар өздерін ашық-шашық көрсетіп жатыр. Бұл да мұсылмандық, имандылыққа жатпайтын нәрсе. Бұл бір әдетке айналып, трендке еніп бара жатыр. АҚШ-қа қарап, Еуропаға қарап, еліктеп бара жатырмыз. Ол елдер біз үшін үлгі алатын халық болмауы керек. Өзіміздің субмәдениетімізді сақтап қалу, біздің ең басты идеологиямыз болуы керек Сол себептен мені Қазақсанның келешегі қатты алаңдатады. Қандай қағидалармен біз өмір сүреміз. Өзіміздің салт-дәстүрлерімізді сақтап қаламыз ба, жоқ па? Мәселен, ата-анамызды қарттар үйіне бере саламыз. Мұндай сұмдық қазақта бұрын болмаған. Ұят нәрсе. Қарттар үйінің көбейгеніне шыны керек ашынамын», – дейді Қайрат Құдайберген.

Қазіргі таңда Қайрат екі баланың әкесі. Қызы 12-де болса, кәсіпкердің екі жастан асқан атұстары бар. Бірақ кішкентайынан қиындықты көп көрген бизнесмен ұл-қыздары әкесінің байлығына емес, өздері тер төгіп еткен еңбегінің жемісімен өмір сүрсе деген ниетте.

«Мен өзімнің балаларыма тасып-шашып ақша бере бермеймін. Даяшы болып жұмыс істесе де, өз ақшасын өзі тапсын. Дәл солай көтеріліп жатқандар да бар, шүкір. Өмірдің қиындығын көру керек. Даяшы болғанның ешбір ұяты жоқ. Қазір адамдар аула сыпырушы немесе еден жуушы болып жұмыс істесе, соны ұят деп санайды. Бірақ бұл шынайы, таза еңбек. Әділ еңбектің құны өте жоғары болады. Мен жастарға әрдайым бизнеспен айналысыңдар деп айтып жүремін. Сонда ғана қоғамда алаңсыз ұйықтап, келешегіңе алаңдамайсың», – дейді бизнесмен.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Тағы оқыңыз:

Сұлулығында мін жоқ: Көпбалалы ана атанып үлгерген қазақстандық жұлдыздар

Отандық жұлдыздар балаларын халыққа көрсетуден қорқып жүр

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Баян Алагөзова: Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмаймын

Талқылау