Сұлулығында мін жоқ: Көпбалалы ана атанып үлгерген қазақстандық жұлдыздар

Бүгінгінің келіндері көп бала туудан қашады. Әсіресе артық салмақ қосып, сырт келбетін құртып алудан қорқатын жұлдыздар 1-2 баламен шектелгенді жөн санайды. Алайда декреттік демалысын сахнада өткізіп, көп балалы ана атанып үлгерген танымалдар да аз емес. Stan.kz назарларыңызға бірнеше баланы дүниеге әкелсе де, сұлулығы қайран қалдыратын отандық жұлдыздар тізімін ұсынады.

Бес баланы дүниеге әкелген Қарақат Әбілдинаның сұлулығына қызықпайтын қазақ қызы жоқ шығар?! Қызы Аяланы дүниеге әкелген соң, әншінің артық салмақ қосып алғаны байқалады. Дегенмен де, Әбілдина қашанда қазақ қызының нағыз эталоны болып қала бермек.

10 жыл бойы жұрт көзінен тасада болған Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде төрт баланың анасы. Ол Қайрат Нұртасқа екі қыз, екі ұл сыйлаған бақытты ана, ата-енесіне сыйлы келін. Көпшілік Жұлдыздың сұлулығына тамсана қарайды. Әсіресе Instagram желісінде Әбдікәрімованың әр суреті қызу талқыға түседі. Жұлдыздың дене сымбаты кей бойжеткендердің өзіне арман, бұған келісетін шығарсыз?!

Әнші Динара Сұлтан меценат күйеуі Ерлан Қожасбайға төрт перзент сыйлаған. Динараның бүгінде үш қыз, бір ұлы бар. Талантымен де, көркімен де талайға үлгі болған Динара мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазіргі уақытта әнші бесінші перзентін күтіп жүр.

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әртіс болмаса да, желіде өте танымал. Актерге жастай тұрмысқа шыққан Мөлдір бүгінге дейін төрт баланы дүниеге әкеліп үлгерді. Жұлдызды жұптың үш қыз, бір ұлы бар.

Алтынай Жорабаеваның да төрт перзенті бар. Ол Сәбит Әбдіхалықовқа төрт бірдей ханшайым сыйлаған. Бірнеше бала босанған соң Алтынайдың артық салмақ қосып алғаны рас. Алайда әнші дұрыс тамақтану режімі мен арнайы диеталардың арқасында мінсіз мүсінін қалыпқа келтіріп алған. Расында көпшілік Жорабаеваны табиғи сұлу әншілердің қатарына жатқызады.

Еліміздегі ең сәнқой әнші саналатын Лидо екі ұл, бір қыздың анасы. Алайда әншінің мінсіз мүсініне қарап бұлай деу қиын.

Сиви Махмуди декреттік демалысқа шыққан соң, бірнеше жыл ел көзінен жырақта болды. Әншінің қатарынан үш баланы босанғанын көпшілік білмей қалды. Себебі Сағадат, Саламат пен Салидаттың арасы небәрі бір жылдан.

Айта кетейік, жуырда көпбалалы сұлулар тізіміне Салтанат Бақаева мен Бүркіттің Аишасы қосылуға ниетті. Қос бикеш те үшінші перзенттерін күтіп жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық жұлдыздар балаларын халыққа көрсетуден қорқып жүр

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Баян Алагөзова: Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмаймын

Ерболат Құдайберген сахнада қақиып тұратын әншілерді сынап тастады

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар