Ерболат Құдайберген сахнада қақиып тұратын әншілерді сынап тастады

Бәрі ұнайды, бірақ бәрі ұнамайды! Ерболат Құдайбергеннің бүгінгі Қазақстан шоу-бизнесіне берген бағасы осындай. Музыканттың өнерді бір шетке ысырып, той-бизнестің жетегінде кеткен әншілерге өкпесі қара қазандай. Ерболат Құдайберген Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына берген сұхбатында сахнада қақиып тұрып, ән айтатын өнер иелерін сынап тастады, деп жазады Stan.kz.

«Фонограммамен ба-ба-ба деп, бұрылып кетіп қалатын әншілер көп. Мысалы, «Жігіттер» тобы. Ең алғаш шыққандағы әндері қандай еді? Мен өзім қызығатынмын. Бірақ олар оны тастап, той-бизнеске кетті. Қазір әндерінің бәрі сондай орташа деңгейде. Сахнаға шығады, ешқандай синхронды би жоқ», – деп сынады Ерболат.

Рэпердің айтуынша, сахнаға шыққан соң әнші билей алмаймын деп сылтау айтпауға тиіс.

“Қытайда әншілікті не актерлікті бітірсін, оның сөз мәнері, тыңдау қабілеті, мәнері, жүйріктігі бәрі есепке алынады. Ал біздің әртістер тек қана студияда 3 минуттық жазып келген әнін айта ма? Ол деген халықты алдау. Кім қалай қабылдаса, солай қабылдасын. Өзім белшесінен басып, тура таптатып айтатын адамдардың бірімін.

Мысалы, «Музарттан» шыққан Базарбаев. Толғауларды, термелерді қалай керемет айтады? Сырнайда ойнағанын естіп па едіңіз? Дәстүрлі әнші. Бірақ эстрадаға тән емес жігіт. Сахнаға шығады да, қақшиып тұрады. Ол әртістің қылығы емес», – дейді Ерболат.

Сондай-ақ, Құдайбергенов қазақ эстрадасындағы қос Қайратты (Нұртас, Түнтеков) сыйлайтынын атап өтті.

“Қайрат (авт. Нұртас) – еңбекқор жігіт. Енді шешесі ғой. Осындай шешелерден айналдым. Нағыз продюсерлер солар. Сүйреп, жыбырлап жүріп, міне осындай дәрежеге жетіп отыр.

Қайрат Түнтеков қандай тамаша әнші, ерекше дауыс иесі. Маған қатты ұнайтын әншілердің бірі. Сол баяғы журналистер алды да оның сағын сындырып жіберді. Болмайтын жол апатына бола пәленбай айыппұл салып. Ондай деген болмайды”, – дейді Құдайбергенов ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Ерболат Құдайберген: Димаш еркекке тән емес даусымен бізді әлемге танытып жатыр

Танымал пародист Олжас Сыдықбек ұлды болды

Түрік әнін ұрлаған: Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды (видео)

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар