Отандық жұлдыздар балаларын халыққа көрсетуден қорқып жүр

Ел алдындағы өнер иесінің, балалары да танымал болуы шарт! Айдана Меденованың ұстанымы дәл осындай. «Кешьюдің» экс-мүшесі бұдан былай қызының жұлдызын жақпақ ниетте. Жас ана, Әминасына инста-парақша ашып, оның желіде белсенді болғанын қалайды. Ал, әншінің бұл қадамын әріптестері қолдап отырған жоқ!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Кішкентай Әминаның қатысуымен шағын-роликтерді, Айдананың оқырмандары да тағатсыздана күтетін көрінеді. Енді, жұлдызды ата-ана жұрттың ықыласына бөленген бүлдіршіннің жеке аккаунтын ашуға ниетті.

“Алда сондай қызығушылық болып жатқаннан кейін, ашатын ойым бар. Кішкентай болғанда қорқып, тіл-көзден сақтап көрсетпейтінмін. Ал қазір үлкен болды”, – дейді Меденова.

Айдананың тұңғышы Әмина биыл 3 жасқа толады. Ал, әншінің әріптестері кішкентайын танымал қылуға талпынған Меденованың қадамын құптап отырған жоқ!

“Мақтаныш үшін бе? Не үшін? Менің олай істегім келмейді. Мақтаныш үшін жасалатын нәрсе шығар деп ойлаймын өзім. Арнайы парақшасын ашып деген сияқты, керек емес. Ол ертең ес жинағаннан кейін, өзі мектепке барады, 13-тен асып өзі ойланып, өзі істеуге болатын шығар”, – дейді Ибрагимов.

“Әлі ерте, әлі керек емес. Мүлдем қажет нәрсе емес деп ойлаймын оны”, – дейді Сиви.

“Алдында бір салып, кәдімгідей балам ауырып қалды. Әйелім ойбайлап, айттым саған салма деп. Өшіріп тастап инстаграмнан сөйткенбіз”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Қылықты қызының қызықты видеоларын желіге жиі жүктейтін Меденованың, бір ғана ойы бар. Өнерге құштар бүлдіршінді, осы бастан дүйім жұрттың назарында ұстап, байыппен сахнаға бейімдеу.

“Ерекше өзі, тыңдау қабілеті де өте жоғары. Ән айтып жатқанын, би билеп жатқанын, сондай бір өнер жағынан көрсететін шығармын”, – дейді Айдана.

Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Алагөзова есінен адасты: КешYou тобының жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

14 жастағы Айаруға ересек азаматтар сезім білдіре бастады

Түрік әнін ұрлаған: Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар