Мейрамбек Бесбаевқа Лондонға тегін жолдама сыйлаған кім (фото, видео)

Ақпанның 20-сынан 21-не қараған түні өткен чемпиондар лигасын Мейрамбек Бесбаев Лондонда тамашалады. Әйгілі «Yokohama» компаниясының Қазақстандағы өкілдері әншіні арнайы шақыртумен алдырған. Әлем көз тіккен «Челси» мен «Барселона» арасындағы матчты көру үшін эстрада жұлдызына құрметті қонақ ретінде VIP орын  беріліп, шетелде де үлкен құрметке бөленіп жатырмыз, деп хабарлайды әншінің әкімшісі.

Лондонның «Стэмфорд Бридж» стадионынан суреттерін жолдаған Мейрамбекпен Stan.kz тілшісі тілдескен еді.

“Автокөлік шиналарын шығаратын еліміздегі «Yokohama» компаниясының өкілдері өнерімді бағалап, осындай зор құрметке бөлеп жатқаны қатты қуантады. Шыны керек, өз елімде жүргендеймін. Себебі, осында тұрып жатқан қандас бауырларымыз қонақжайлылық танытып, елді сағынуға мүмкіндік бермей жатыр десем де болады.

Негізі, мен футболды өте жақсы көремін. Бірінші «Реал-Мадридтің», екінші, бүгін ойын көрсетіп жатқан «Челси» құрамасының жанкүйерімін. Жігіттер, осыны біліп шақырды деп ойлаймын. Бүгінгі ойын туралы айтсам, «Челси» өз алдына, «Барселона» да өте мықты футбол командасы. Тарихта жазылатын ойынның куәгері болу мен үшін үлкен бақыт. Сондықтан, сүйікті құрамамның киімін киіп келген жайым бар.

Нағыз қайнаған ортада жанкүйер болудың орны бөлек екен. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын. Әттең, қазақ футболы да осындай жоғары ойындардан көрінсе ғой деген арман бар. Ол үшін футболшыларды дайындап шығаратын спорт мектептері көптеп ашылу керек деп ойлаймын. Лондондағы сапар қызықты әрі әсерлі күндерімен есте қалды. Еліме «Yokohama» компаниясы мен «Челси» спорт клубының жанынан ашылған дүкеннен алған базарлықтарымды арқалап қайтқалы жатырмын”, – деп ағынан жарылды қазақ халқының сүйікті әншісі.

Айта кету керек, аталмыш матчты көруге ағылшын астанасына арнайы ұшып барған өзге де танымал жұлдыздар жетерлік. Олардың қатарында белгілі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Керменбаев және «Ringo» тобының әншісі Аян Бірбаев та бар. Ойын барысында түсірілген видеолар мен суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Отасқанымызға 10 жыл: Қайрат пен Жұлдыз үйленген күндерін Мальдив аралдарында атап өтті (фото, видео)

Ерке Есмахан: Әйел адам мінсіз бола алмайды

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

14 жастағы Айаруға ересек азаматтар сезім білдіре бастады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар