Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Әйел адам мінсіз бола алмайды

Әр адам желіде өзін мінсіз етіп көрсетуге тырысады! Бұл Ерке Есмаханның инста-оқырмандарына ақтарылып айтқан сөзі. Әнші кезекті жазбасын желідегі “мінсіз” жұлдыздарға арнады, деп жазады Stan.kz.

“Кемшіліксіз, тұла бойында бір міні жоқ адамның болуы мүмкін емес. Әйел адам тіпті идеал бола алмайды. Мен өзіме жазылатын көп комменттен кейде өзімді идеал санап, аспанға ұша жаздайтыным бар. Бірақ бұл әлеуметтік желіде мен нені көрсетсем, оқырман соны қаз-қалпында қабылдайтынын түсінем… Сосын менің кем тұсым бір басыма жеткілікті ғой деп, жерге “қонам”.

Инстаграм – иллюзия. Бірақ мен осы жерде өзіме қаратып жазылған тілек, мақтаулардан пайдалы энергетика аламын! Сол үшін инстаграмды жақсы көрем. Кемшіліксіз адам демекші, біз ғашық болсақ, сүйгеніміздің бойынан бір мін көрмей, оны идеальный қалпында ғана көреміз. Маxаббаттың құдірет күші деген… Жалпы, өздеріңіз қалайсыздар? Көптен көріспедік қой, инстаграм деген базарда. Инстаграм жарнамаға толған базар боп та бара жатыр”, – деп бөлісті Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Отасқанымызға 10 жыл: Қайрат пен Жұлдыз үйленген күндерін Мальдив аралдарында атап өтті (фото, видео)

Алагөзова есінен адасты: КешYou тобының жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның шағымына жауап берді

Ерболат Құдайберген: Димаш еркекке тән емес даусымен бізді әлемге танытып жатыр

Талқылау