Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев Томиристің бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде

Жуырда режиссер Ақан Сатаев тарихи кинокартинаның түсіріліміне кіріспек. Таяуда кинорежиссер Томиристің рөлін сомдайтын актрисаны жұртқа таныстырған еді. Енді Сатаев сақ патшайымының бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото Instagram желісінен

“Достар, кеше “Қазақфильм” киностудиясында “Томирис” кинокартинасына арналған үлкен жиналыс өтті. Оған жобаның бас продюсері Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өзі қатысты. Біз фильм түсірілімін бүге-шүгесіне дейін талқыладық. Барлығы керемет өтті”, – деп бөлісті режиссер.

Сондай-ақ, Сатаев “Томирис” фильмінің бала кезін сомдайтын актриса іздестіріп жатқанын хабарлады.

“Екі күн ішінде Томиристің бала кезін сомдауға 5000 үміткердің суреті келіп түсті. Оның ішінде өзімнің туыстарым, таныстарым, достарымның қыздары бар. Айта кетейін, актрисаны таңдау жұмысы ұжыммен ақылдаса отырып шешіледі. Нәтижесін міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Түсіністік танытып, қолдау білдіріп жатқандарға үлкен рақмет”, – деп хабарлады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлназ Әлімгерей: Немересіне орысша сөйлеп отырған ата-әжелерді көріп жаным ашиды

Жасырған едік: Майғазиевтің анасы келінінің жүкті екенін түс көріп білген

Ата-анам танымай қалды: “Қалаулымның” экс-қатысушысы шоудан кетуінің себебін ашып айтты

Төреғалидің журналистерге арнаған жауап-бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Талқылау