Руслан Күлекбаевтың теріс ілімді түрмеде «жұқтырғанын» қылмыстық атқару комитеті жоққа шығарды

Жұма, 22 Шілде , 2016 7:41

Алматылық атқыштың теріс ілімді түрмеде «жұқтырғанын» қылмыстық атқару комитеті жоққа шығарып отыр.

gLFVCw

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов президенттің алдында тұрып Руслан Күлікбаевтың нақ колонияда салафиттермен достасқанын сеніммен айтқан. Екі рет сотталған ол қамауда жүріп жат ағым жетегінде кеткен. Шынымен, түрмеге түскендер түзеледі ме, әлде темір тор теріс ағымға тәрбиелеп жатыр ма?

Алматыда атыс болған күн. Шұғыл қауіпсіздік кеңесін жинаған президентке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осылай есеп берген-ді. Владимир Жұмақанов 26 жастағы Руслан Күлікбаевтың екі рет сотталғанын айтып, жат ілімді түрмеде «жұқтырғанын» да жасырмаған. Алайда қылмыстық атқару комитеті төрағамен келіспейді. Түрме радикалдарды тәрбиелемейді, онда түскендер тек түзеліп шығады деп ақталып отыр.

Аюбаев келіспесе де, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына Ішкі істер министрі қарсы шыға алмаған сияқты.

Министрлік әлі тергеп жатса, заңгерлер екі рет сотталған лаңкестің үшінші рет түрмеде отыруы «өмір бақиға» деп болжап қойды.

– “Өмір бойыға немесе 25 жылға сотталуы мүмкін. Рақымшылыққа ілінбейді олар”, – заңгер Бауыржан Азанов.

Алайда қылмыстық-атқару комитеті қамау емес, қылмыскерді түзеу қажет дейді. Яғни пробацияға іліктіру керек. Бұл дегеніңіз, сотталған адамды шартты түрде босатып, ай сайын тәртібін тексеріп отыратын адам бекіту. Биыл осындай жеңілдікпен 11 мың адам түрмеден шығыпты. Көбі тазалау жұмыстарына орналасқанымен, жалақысы аз деп жұмысты менсінбейтіндер де бар екен. Ал ел бойынша 36 мың адам қазір қамауда отыр.

Қаншама адамның өмірін қиған күдікті туралы бұған дейін оныңкеліншегі, мұғалімі және енесі түсініктеме берген еді.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы дапайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар