Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Әбдіразақов “Алматы Барысы-2017” алтын белдігін жеңіп алды (фото)

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында қазақ күресінен “Алматы Барысы-2017” жарысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

14348502688_6df618d10f_b

Турнирге қаланың 8 аудандарынан 24 спортшы қатысты. Нәтижесінде финалда Наурызбай ауданының атынан Руслан Әбдіразақов пен Бостандық ауданының атынан Дәурен Нұралинов күресті. Белдесуде Русланның бағы басым түсіп, жүлдеге тігілген “Лада Гранта” автокөлігі мен “Алматы Барысы” алтын белдігін ұтып алды.

IMG_0489

Дәурен екінші орын үшін 200 000 теңге мен күміс белдік иеленді.

“Турнир жоғарғы деңгейде өтті. Виктор Демьяненкомен күресу өте қиын болды, бірақ, финалға шығып жеңіске жеттім. Енді қаланың намысын жоғарғы жарыстарда қорғаймын”, – деді Руслан Әбдіразақов.

IMG_0766

Ал былтырғы чемпион Виктор Демьяненко үшінші орын алып, 100 000 теңгемен марапатталды. Ол жартылай финалда Әлімжан Жұмахметовты жеңді.

IMG_0800

Енді Руслан Әбдіразақов пен Дәурен Нұралинов қала намысын 3 шілде күні республикалық “Қазақстан Барысы” турниріне қатысады.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам не себепті қарсыласын нокаутқа жібермегенін түсіндірді (видео)

Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-кездесуінде жеңіске жетті

АҚШ-та өткен кездесуде Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Талқылау