Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та өткен кездесуде Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров мексикалық Густаво Гарибаяны техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

20170527080812

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Гарибайдың басы мен денесіне жұмсаған Тұраровтың жойқын соққылары мексикалықты тізерлетіп отырғызып қойды. Сол сәтте судья санақты бастады, бірақ артынша месикалық боксшы қалыпқа келгендей болды.

Раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда Тұраров шабуылын қайталап, рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының 21-жеңісі. 21 жекпе-жектің 15-ін Тұраров уақытынан бұрын аяқтаған.

Ал бұл кездесу АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Бока-Ратон қаласында өтті. Дәл осы рингте бүгін Қанат Ислам да айқасқа шығады.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті (фото)

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды

Талқылау