Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты.

photo_2145

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингінде отандасымыз көш басына шықты. Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікке Франция елінің боксшысы Закария Аттоу енген.

Бұл салмақта чемпиондық атаққа ие боксшы – италиялық Орландо Фиордигиглио.

27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді.

Айта кетейік, бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз WBO Intercontinental және WBA Fedelatin чемпиондық атақтарына ие. 27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).

Норберто Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Қанат шаршы алаңға шығатын бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті кездесуін өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Талқылау