Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Француздық “Монако” командасының жас шабуылшысы Кильян Мбаппе Чемпиондар Лигасы екінші жартылай финалында “Ювентус” қақпасына гол салды.

2077252-43540259-640-360

“Мбаппе 1998 жылдың желтоқсанында туған. Ал мен ол кезде Франциядағы әлем чемпионатында ойнадым. Бұл құдды өз балаңа қарсы ойнағандай сезім”, – дейді Италия құрамасы мен “Ювентустың” аңыз қақпашысы Джанлуиджи Буффон.

large

Жартылай финалдың бірінші ойынында да “Монако” қарсыластарынан 0:2 есебімен ұтылып қалған. Ол кезде Игуаин дубль авторы атанған еді. Бұл жолы Марио Манджукич пен Дани Алвес нәтижелі соққыларымен көзге түсіп. “Монако” тарапынан Мбаппе гол салғанымен, бұл нәтиже франциялық ұжымды финалға шығаруға жеткіліксіз еді.

kylian-mbappe-cristiano-ronaldo-2012_9gyq29d1shv4175kk1sg11n2g-696x464

Дегенмен, Мбаппе Чемпиондар Лигасы жартылай финалы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды. Ал оның Буффонмен жас айырмашылығы 7621 күнді құрайды. Мбаппе 18-де болса, Буффонның жасы биыл 39-ға толды.

large (1)

Монакодан шыққан талант жасы 3-ке толғанда Буффонның өнерін теледидардан тамашалап, оны кумир тұтқан.

Мбаппе футболды алғашында “Клерфонтен” академиясында жаттығы бастаған. 2013 жылы ол “Монако” қатарына келеді. 2015 жылы ересектер футболына тұңғыш рет араласады.

Оқи отырыңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Талқылау