Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Ауыр атлетші Майя Манеза енді өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына алаңдай бастапты. Бұған күйеуі Вячеслав Ершов екеуі ашқан денсаулық және сұлулық орталығы дәлел.

0juik

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Біз енді ғана ашылып жатырмыз. Мамыр айының басына таман ресми ашылатын болады. Ашылу салтанатына қала билігін, танымал тұлғаларды, спортшыларды шақырамыз. Әрине, Мая спорттан шеттетілгені үшін уайымдады. Себебі, бұл нәрсеге көп күш пен көп уақыт кеткен болатын. 2016 жылы ол Олимпиадаға жақсылап дайындалды. Біз көп нәрседен өткен болатынбыз. Оның үстіне бала туған соң да қайта қалпына келу оңай болмады. Артынша екі айдың ішінде бізге таңқалдырарлық жаңалық келіп жетті», – дейді спортшының күйеуі.

Мая Манеза алдағы уақытта ине терапиясын жасауды үйреніп алмақ. Ол допинг дауынан кейін спортпен айналысуды уақытша тоқтатқан.

«Иә, қиналғаным рас. Себебі, тынбай жаттығу жасап, жарақат алған едім. Күшімнің сарқылғанынан бөлек, жүйкем тозды. Босанған соң да бұрынғыдай болмадым. Оның үстіне жас емес едім. Бірақ, 2015-2016 жылдары бұрынғы салмағыма қайтып келіп, жағдайым түзеле бастады. Осыдан кейін Олимпиадаға екі ай уақыт қалған соң белгілі бір қиындықтардың бар екені айтылды», – дейді спортшының өзі.

Естеріңізге сала кетсек, Мая Манезадан бөлек, Илья Ильин, Светлана Подобедова мен Зульфия Чиншанло допинг дауына ілінген-ді. Әр спортшының қанынан тыйым салынған препараттың іздері табылған.


Жіберіп алмаңыз:

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Талқылау