Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтуде,-деп жазды prosports.kz

бокс

«Қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қорғады. Ол ақтық бәсекеде өзбекстандық Шахрам Гиясовпен күш сынасты. Өкінішке қарай, жерлесіміз тәжірибелі қарсыласынан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, бұған дейін жерлестеріміз Василий Левит үшінші рет Азия чемпионы атанса, Ерік Альжанов финалда өзбекстандық қарсыласынан жеңілген еді. Сонымен қатар, +91 келі салмақта Қамшыбек Қоңқабаев алаң қожайыны Баходир Джалоловпен күш сынайды.

Оқи отырыңыз:

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Ертай Нүсіпжанов: Қазақ әнін тыңдамаған Димашты жат Қытай әлемге танытты

Сейфуллин Жолбарыстың жас әйелі концертінде қазақша ән салды (видео)

Талқылау