Ертай Нүсіпжанов: Димашты Қытай жобасына “ең танымал әншіміз” деп таныстырдым

Жексенбі, 30 Сәуір , 2017 14:07

Белгілі журналист қазақстандықтардың «қолда бар алтынның қадірін білмейтінін» сөз етті. Мұнымен қатар, отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың «I am a singer» іріктеуінен қалай өткенін айтып берді.

18013678_120783045137370_4398748368889708544_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ертай Нүсіпжанов отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың шетелдік жобаға қалай таңдалғаны туралы айтып берді. Журналист оны бағдарлама ұйымдастырушыларына «Қазақстанның ең танымал әншісі» деп таныстырған екен.

«Жобасының ұйымдастырушыларына Димаш туралы материалдар ұсынғанымда, оны еліміздің ең танымал әншісі деп таныстырған едім. Кейін жобада солай деп хабарланды. Ал шын мәнісінде біз ол кезде Димашты қазіргідей «бағаламайтын» едік. Ол әрі ең танымал әнші емес те еді! Тіпті қазір Димаштың айналасында қызмет етіп жүрген көптеген қандас бауырларымыз да менен: «Ол қай әнші еді?» – деп сұрайтын. Көрсетсем, білмейтін! Турасын айтсақ, Димашты қытай емес қазақтар толық танымайтынбыз. Димаштың бірде маған: «Ертай аға, мен «Славян базарынан» кейін елге біраз танылып едім, қазір қайта «құлдырап» барамын. Осы жобаға қатыссам тамаша болушы еді…» дегені де өте көп нәрсені аңғартады…» – дейді Ертай Нүсіпжанов.

Мұнымен қатар, журналист қазақстандықтардың «қолда бар алтынның қадірін білмейтінін» меңзеді. Димашты шетелдік жобаға қатысқаннан кейін ғана бағалана бастағанын сөз етті.

«Ал қазір жағдай мүлдем басқаша… Өз арамызда ән салып жүрген қазақтың ұлын бұрын-соңды атын естіп, әнін тыңдап көрмеген – жат қытай аз уақытта-ақ жарқыратып, әлемге танымал етіп беріп еді, бәріміз оған жапа-тармағай «жабыстық». Керек десеңіз Димашты қытай көрермендерінің қуанышты эмоциясы арқылы бағалай бастаған қазақтарды да көрдік. Біреулер тіпті бұл оқиғадан кейін, әнін сүйіп тыңдап келген қазақ эстрадасындағы барлық әншілерді даттап, бәріне бірдей «топырақ шаша салды». Сонда қалай?! Біз Димаштың талантын енді ғана байқап жүрміз бе? Әлде «қолда тұрған алтындарымыздың қадіріне» жету үшін ол алдымен жат елде танылып келуі тиіс пе?! Әрине жоқ! Бұл біздің адамды талантына қарай бағалаудан гөрі танымал болғаны үшін ерекше құрметтейтінімізді байқатады. Бұл, қазақ өнерінің жетілуі жолындағы басты бөгеттердің бірі. Бағасын білсек, айналамызда жүр ғой талай таланттар…» – дейді ол.

Журналистің бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. «Димаштың өз аузынан да, маңайында жүргендерден де “Осы байқауға қатысуға басты себепкер болған адам – ол Ертай Нүсіпжанов” дегенді естігім келеді! Бұл сөзді Димаштың әкесі Қанат Құдайбергенов қана бір рет айтып қалды. Қандай жеңіс болса да – соған қадам басқан жолды ұмытпауымыз керек деген ой санамда тұрады», «Әр нәрсеге бір себеп бар. Димаштың осылай танылуына бірінші алла, екінші Ертай бауырым өзің, үшінші өзінің таланты себеп, ия, айналамызда таланттылар жетеді, мүмкін Димаштан да мықтылар бары сөзсіз. Аллам осындай ұлтымызды дүние жүзіне паш ететін ұл-қыздарымыз көп болсы! Сіз сияқты азамат жігіттер себепкер болып жүре берсін. Бағдагүл Балаубаева апайымыз дұрыс айтады. Димаштың өзі осы байқауға қатысуына сіздің еңбегіңіздің ұшан-теңіз екенін жариялау қажет. Өйткені көп ел білмейді», «Ертай, еңбегіңіз жемісті болсын әрқашан» дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қалдыбек Құрманәлиев: Өнерімізде “жезөкше” сазгерлер көбейді

Жігер Ауыпбаевтың ауруы туралы ақпарат пиар ма?

Тамағына күрделі ота жасалған Мырзахан тыңдармандарына ән дайындап жатыр

9 жасар қазақстандық қыз ресейлік “Голос” шоуында үшінші орын алды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

15
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бағдагүл Балаубаева; “Димаштың өзі осы байқауға қатысуына Ертайдың еңбегінің ұшан-теңіз екенін жариялау қажет. Өйткені көп ел білмейді”. Дұрыс айтылған пікір, толық келісемін. Ертайдың еңбегін неге жасырады? Жасыруға не себеп болды екен?

  • Anonymous says:

    Мына мақала аноним мақалаға ұқсайды. Неге Интервью алған тілшінің фамилиясы көрсетілмеген?

  • Anonymous says:

    Ертайға үлкен рахмет қазақтың талантты баласы Димаштың Қытай еліне барып өнер бәйгесіне қатысуына көмегін тигізгені үшін. Бірақ мына мақала аноним мақалаға ұқсайды. Неге сұхбат алған журналистің аты-жөні көрсетілмеген?

  • Anonymous says:

    Йә,не үшін Димаштың жеңісі туралы сөз қозғасақ осы Ертай бауырымыз дың аты айтылмай қалып жатыр.Димаштың өз аузынанда бір естіген жоқпыз..керісінше I m singer дың продюсеры Hong tao мырза айтты осы Ертай баурымыздың Димашты Hunan tv ға өзі алып келіп жобаға ұсынғанын.соңғы шешіуші жарыста елімізленде бардығой қолдап делегаттар ,31арнада барды сондада Ертай баурымызды көре алмадық.бұл сірә қандай құпия,Димаш ондай біреудің жақсылығын ұмыта қоятын бала емесқой.ақылды,тәрбиелі бала еді.

  • Anonymous says:

    Өтірігіңе береке берсін.

  • Anonymous says:

    Славян базарына барып келіп құлдырап кеткеніңді білсен жақсы екен,енді тағы құлдырамай тұрғаныңда сол Қытайдың күшті продюссерлерімен келісім шартқа отырда сонда асқақ абройыңды асқақтатабер сен мында өтпейсің, Димаш талантыңды қор қылма,мында тек той әншілері керек

  • Anonymous says:

    25 сәуірде Астанада өткен Димашты құрметпен қарсы алу концертінде Ертайдың атына да алғыс айтылар ма екен деп күтіп едік, бірақ айтылмады. Өкінішті. Бұны қалай түсінуге болады? 21-ші ғасырда өмір сүріп жатсақ та қазақтардың ру, жерлес, жүздес деп бөлінуінен бе екен? Түсініксіз…

  • Anonymous says:

    25 сәуірде Астанада болған Димашты құрметтеу концертінде Ертайдың атына алғыс сөз айтыла ма деп күтіп едік, айтылмады. Өкінішті. Біздің қазақтар 21-ші ғасырда өмір сүріп жатса да жерлес, рулас, жүздес деп бөлінулерін тоқтатпайды. Бұл түбінде жақсылыққа апармайды.

  • Anonymous says:

    20 сәуірдегі ДАТ газетінде Ертайға қазақ халқының атынан алғыс айттым. Әрине бәрінің ұмытып кеткені мағанда ұнамады. Қажымұқан атамызды да палуан қылған татарлар. оны да аиттым.

  • Anonymous says:

    Ертай нағыз ұлтжанды азамат, мақсаты шетелге қазақты таныту еді, Ертайдың атын атамасада, ол өз дегеніне жетті. Ертай, айналайын, қазақтың біртуар азаматысың, аман бол. Астанадағы концертте атасы мен əжесінің қасынан Ертайды көреміз бе деп едік, өкінішті. , .

    • Anonymous says:

      Сонда Ертай мырзаныкі өкпе ме əлде наз ба? Түсініксіз əңгіме.Бауырым қуанышымыз ұзағынан болсын Димаш сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болсын.Қолдан келсе көмектескенге не жетсін.ҰЛЫ ДАЛАМА АЛЛАМ жар болсын.

      • Anonymous says:

        25 сәуірде Астанада өткен Димашты құрметпен қарсы алу концертінде Ертайдың атына да алғыс айтылар ма екен деп күтіп едік, бірақ айтылмады. Өкінішті. Бұны қалай түсінуге болады? 21-ші ғасырда өмір сүріп жатсақ та қазақтардың ру, жерлес, жүздес деп бөлінуінен бе екен? Түсініксіз…

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар