Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-та мексикалық Норберто Гонсалеспен жұдырықтасып, 24-жеңісіне қол жеткізді.

канат пен жанкош

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Бока Ратон қаласында өтті. Кезекті жеңісінен кейін Қанат WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарына ие болды.

Алғашқы раундтарда Қанат Ислам қарсыласын шабуылдап, жекпе-жекті өз бақылауында ұстады. Алайда Гонсалес Исламға лайықты қарсылас бола білді. Мексикалық боксшы қорғанып қана қоймай, контр-шабуылдар жасады. Бірнеше рет отандасымыздың денесіне соққы жұмсап та үлгерді. Бірақ ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат міз бақпастан жекпе-жекті жалғастырды.

Төртінші раундта Қанат басымдық танытты. Дәл осы кезеңде қазақстандық боксшы қатарынан бірнеше соққы жұмсап, оң қолымен де, сол қолымен де жақсы «жұмыс істеді». Мексикалық боксшы да абдырап қалмады, бірақ осы раундта Қанаттың басымдығын сезді.

Кездесу 12-раундтан кейін төрешілердің шешімімен Қанаттың жеңісімен аяқталды.

Осылайша ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат Ислам 24-ші рет жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы 24 кездесудің 19-ын нокаутпен аяқтаған. Ал Гонсалес 23 рет жеңіске жетіп, 9 рет қарсыласына есе жіберіп қойған.

Бір қызығы, Гонсалес Исламнан 4 жасқа үлкен және оның кәсіпқой рингтегі мансабы Қанатпен салыстырғанда 5 жыл бұрын басталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы рингте қазақстандық Жанқош Тұраров месикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Көршісін ұрды деп айыпталған “Қайсар” капитаны мән-жайды түсіндіріп берді

Талқылау