Көршісін ұрды деп айыпталған “Қайсар” капитаны мән-жайды түсіндіріп берді

Қызылордалық “Қайсар” футбол клубының капитаны Мақсат Байжанов көршісімен болған даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

57ffa192b25aa

Бұл туралы KazFootball.kz хабарлайды.

Футболшының сөзінше бұл жағдайды БАҚ біржақта таратып жіберген. Байжанов көршісінің алкогольге тым құмар екенін айтты.

“Ол мас күйінде бірнеше рет менің және отбасымның атына тіл тигізді. Барлығы мен Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген кезден басталған. Және соңғы айларға дейін жалғасып келді. Біз жұбайым екеуміз оған сабыр сақтап, өз тәртібіне қарауды сұрадық, бірақ, еш нәтиже жоқ. Мен өзімнің отбасым, әсіресе, балаларым үшін қатты алаңдаймын. 20 мамы күні кешке мен Гайдаровты шақырып еркектерше әңгімелесіп, бәрін бейбіт түрде шешуді ұсындым. Біз сол күні түнде кезігіп, еркектерше сөйлестік”, – дейді футболшы.

Спортшы бұл ретте көпқабатты үй тұрғындарының мессенджердегі ортақ чатында Айдарұлының бұлардың аттарына жиі-жиі дөрекі сөздер жазғанын айтты. Ал сол үйдің тұрғындары болса Байжановтардың тәрбиелі отбасы екенін айтып отыр. Байжановтар барлық көршісімен тату-тәтті араласады. Үйде оларға пәтерін жалға беріп отырған қожайын да бар. Олар аулада төбесі жабық алаңқайдың тұрғызылуына қарсы, өйткені сол үшін де үстеме ақша төлеуге тура келеді. Бес-алты әйел осы құрылыс мәселесінің төңірегінде шу көтеріп жіберді. Ал көптеген тұрғындарды Гайдар Айдарұлының жарақат алып қалғаны таңдандырған. Бірақ, соған қарамастан оны жедел жәрдем алып кетпепті.

“Осы шудың бәрін көтерген ер адам (Гайдар Айдарұлы) жүрген нағыз арандатушы. Ол өзі бұл үйде тұрмайды, тек бірінші қабатта орналасқан дүкені бар. Жиі арақ ішеді. Үйде өз пәтерлерін жалға беріп отырған 5-6 әйел бар. Олар үшін бұл құрылыстың салынғаны тиімсіз, сол үшін олар шу көтерді. Енді келіп олар құрылыс туралы шуға Мақсатты да қосып жіберді. Ол үшін әрине обал. Ол – өте жақсы жігіт, спортшы. Енді оны қылмыскер қылмақшы, бұл әрине олай емес”, – дейді көрші Әбдіғаппар Кәркімбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада “Қайсар” футбол клубының капитаны көршісін аяусыз ұрған деген ақпарат тараған еді.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар