Қызылордада “Қайсар” футбол клубының капитаны көршісін аяусыз ұрған

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының көшбасшысы көршісін соққыға жыққан.

1374119

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұл туралы арнамыздың тілшісіне жәбірленуші азамат айтып берді. Оның сөзінше, белгілі футболшы элиталы кешендегі көршілерімен көлік тұрағындағы орынға таласып қалған. ІІД өкілдері бұл жағдайдың тіркелгенін растап отыр. Жергілікті футбол клубы үшін сенбілік кеш сәтті өтті. «Қайсар» қарағандылық «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңді. Ал ізінше жергілікті команда капитаны Мақсат Байжанов көршісімен жанжалдасып қалған.

Мұны жәбірленушілер айтып берді. Спортшы өзі тұратын кешеннің бірінші қабатында орналасқан Гайдар Айдарұлының дүкенінің есігін қаққан.

“Есікті ашқаным сол, футболшы мені соққының астына алды” деді ол. Жанжалды көршілері телефонға түсіріп алған.

“Тәртіп сақшылары оны ұстаған да жоқ. Менің өтінішімді қабылдамады. Куәгерлерден жауап та алынбады. Жыртылып, қан-жоса болған киімімді де тәркілемеді. Оқиға орнын куәландырмады. Мүмкін, ол өзін жұлдызбын, жауапқа тартылмаймын деп ойлайтын шығар”, – дейді жәбірленуші Гайдар Айдарұлы.

Тұрғындардың айтуынша, текетірес автотұрақтағы орынға байланысты туындаған. Элиталық үйде 30-ға жуық отбасы тұрады. Көліктерін бос тұрған орындарға қойып үйренген. Бірақ, футболшының әйелі шағын алаңды сатып алғанын айтқан. Бұған келіспеген жұрт наразылығын ортақ чатқа жазады. Арасында Гайдар Айдарұлы да болған.

“Мақсат Байжанов маған «сен кімсің» деп айқайлады. Мен Раушанмын, көршіңмін дедім. Ол маған, сендер екенсіңдер ғой – қаралар деді. Сосын күйеуім екеумізді балағаттады. Оның деңгейіне дейін түскіміз келмеді. Төрт патрульдік көлік келді. Ешқайсысы хаттама толтырмады”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Раушан Байдалы.

“Жанжал олар орнатқан бастырмадан болды. Біріншіден, әйелі оны заңсыз орнатып алды. Көршілердің көбін ескертпеді де. Осыдан кейін біз жиналыс өткіздік. Екіншіден, қазірде көрші-қолаңның бәрі бұл қоршауды алып тастауды сұрап отыр”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Дина Бердалиева.

Облыстық ішкі істер департаменті мұндай оқиғаның тіркелгенін растады. Қазір іс тергелуде дейді.

“Аталған дерек 20 мамырда Қызылорда қалалық Ішкі істер департаментінің ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Спортшының өзінен сұқбат алу мүмкін болмады. Футболшының әйелі  оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып беруге уәде берген еді.  Алайда, байланысқа шықпай қойды. Облыстық спорт басқармасы да үнсіз. Бұл жағдайдың болашақта қалай өрбитінін бақылауда ұстайтын боламыз”, – дейді Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Қазақстандағы жерлеу рәсімдері мен құдайы ас беру тәртібі нақтыланды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар