Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам не себепті қарсыласын нокаутқа жібермегенін түсіндірді (видео)

Қазақ елінің мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам не себепті қарсыласын нокаутқа жібермегенін түсіндірді.

канат ислам нокаутка жібермегенін тусіндірді

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде Қанаттың жекпе-жектен кейінгі елге жолдаған видеосы пайда болды.

“Құрметті, қазақ елі, рахмет! Сіздерге жеңіс сыйлағаныма өте қуаныштымын. Ел қазір менен нокаут күтті. Бірақ менің жаттықтырушыларым маған 12 раунд бойы жұдырықтасуға тапсырма берді. Өйткені бізді Астанада, Алматыда үлкен 12 раундтық жекпе-жектер күтіп тұр. Соның дайындығы. Бұл – бокс. Мен сіздерге алдағы күндерде үлкен жеңістер сыйлағым келеді. Алға, қазақ елі! Алға, Қазақстан!” – деді Қанат.

Еске сала кетейік, бүгін АҚШ-тың Бока-Ратон қаласында Қанат кәсіпқой рингтегі 24-кездесуін өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Оған дейін дәл осы шаршы алаңда Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберіп, қазақ елінің мерейін асырды.

Жіберіп алмаңыз:

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Головкин боксшы досы Сергей Ковалевтің үйінде қонақ болды

Головкин IBF ұйымының арнайы наградасына ие болды

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды

Талқылау