Роза Рымбаева туған күнін қалай тойлайды (фото)
Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаева бүгін 60 жасқа келген туған күнін тойлап жатыр. Әндерін халық сүйіп тыңдайтын әнші өзінің мерейтойын Шығыс Қазақстан облысындағы Қалбатау ауылында атап өтуде, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауылдастары үшін Роза Рымбаева тегін концерт ұйымдастырған. Ол 60 жасқа толған мерейтойын өз шаңырағында, туған-туыстарының ортасында емес, туған жерінде атап өтуді ұйғарған.


Айта кетсек, Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген.
2015 жылы әншінің эстрадада жүргеніне 40 жыл толған. Мұншама уақыт сахнада жүргеніне қарамастан, тыңдармандары әншінің әлі де жас көрінетінін айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қазбек Қасым: Әншілік – таптырмас табыс көзі (фото)
Әнші Рүстем Жүгінісов: Екі бағытты қосып, бірге ән салсақ деген ойымыз бар (фото, видео)
Қайрат Нұртастың әйелі ойнаған фильм өз шығынын ақтай алмады
Айгүл Қосанова Бразилияда домбырадан шеберлік сабағын өткізді
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"