Әнші Рүстем Жүгінісов: Жұбайыммен екі бағытты қосып, бірге ән салсақ деген ойымыз бар (фото, видео)

Сенбі, 28 Қазан , 2017 15:45

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Елорданың төрінде отандық шоу-бизнестің басын қосқан әнші Рүстем Жүгінісов, дүбірлі тойын өткізген болатын. Өміріндегі қуанышты күндерін атап өткен жас жұбайлар Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында тойдағы орын алған қызықтарын айтып, алдағы жоспарыларымен бөлісті.

«Тойдың ерекшелігіне келетін болсақ, барлық қазақтың салт-дәстүрімен жасалды. Сондай-ақ, екі жасқа арналған тәтті дейміз ғой, яғни торттың өзі қазақы нақышта болсын деп, киіз үйге ұқсатылып жасалды. Бұл идея осыдан бірақ уақыт бұрын пайда болған дейді», – дейді Рүстем.

Екі жастың таныстығы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің қабырғасында бастау алған. Алғашқыда дос ретінде араласқан Рүстем мен Айжанның қарым-қатынасы соңында махаббатқа ұласқан көрінеді. Ал әнші жігіттің таңдауы батыстың аруына түсіпті.

«Мен Маңғыстау өңірінің тумасымын. Астанадағы Өнер университетінде білім алып, «дәстүрлі әнші» мамандығын меңгергенмін», – дейді ақ келін атанған Айжан Қырықбай.

Иә, өнерді өмірім деп ұққан екі жас, алдағы уақытта отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың тізімін толықтырса, таң қалмаңыз! Өйткені, отағасы эстрада әншісі болса, қалыңдық Айжан Қырықбай дәстүрлі музыканы насихаттауды мақсат тұтқан талант.

«Жоспарымызда негізі бір жақсы ән шығарамыз деген ойымыз бар. Сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз. Негізі екеуіміз де әнші болғандықтан, жоспарда бар. Біріміз эстрада әншісіміз, біріміз дәстүрлі әншіміз. Сондықтан, екі бағытты қосып, сондай керемет дуэт шығарамыз ба деген ойымыз бар», – дейді Жүгінісов.

Әдетте, жас жұбайлар шаңырақ көтерсе, шығармашылықты бір шетке ысырып, бал айына аттанатын еді. Бірақ, бұл жолы Рүстем мен Айжанның алдағы жоспары басқаша болып шықты.

«Бал айын жаңа-жылдан кейін деп жоспарлап отырмыз. Әзірге жұмыс кестеміз тығыз болғандықтан, бал айын кейінге қалдырып отырған жайымыз бар. Қазіргі таңдағы жоспарымыз, алдағы уақытта тағы бір байқауға қатысуға ниетіміз бар. Бал айына аттанарда бірінші болып Stan.kz тілшісіне хабарлайтын боламыз», – дейді жас жұбайлар.

Айта кетейік, Рүстем отбасында төрт атұстардың үлкені. Өзінен кейін Мирас, Мұхамедәлі және Әлтаир атты інілері бар. Алайда, Жүгінісовтердің тұңғышы ата-анасынан бөлек кетіп, жеке тұруға құлықты емес…

«Әзірге жұбайыммен сол ата-анамызбен бір шаңырақ астында тұрамыз. Мүмкін алдағы уақытта інілерім Мирас пен Мұхамедәли есейіп жанұялы болып жатса жұбайыммен жеке шығатын шығармын. Өйткені, Айжан біздің отбасымыздағы алғашқы келін ғой. Сол себепті осындай шешімге келдік», – дейді Рүстем Жүгінісов.

Естеріңізге сала кетсек, Рүстем Жүгінісов биыл «Новая волна» халықаралық жас орындаушылар байқауында Қазақстанның намысын қорғап, «көрермендер көзайымы» номинациясына ие болған еді. Ал, бүгінде өмірлік жары атанған сүйіктісі Айжанға, аталмыш ән додасының сахнасында ұсыныс жасаған болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әйелі ойнаған фильм өз шығынын ақтай алмады

Айгүл Қосанова Бразилияда домбырадан шеберлік сабағын өткізді

Париждегі қазақ бишісі өнерімен Франция жұртын тәнті етіп жүр (фото)

Семіз әйелдерді сұлу әрі байлық статусы санайтын 10 ел (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар