Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әйелі ойнаған фильм өз шығынын ақтай алмады

Қазақ шоу-бизнесінің жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас «Арман. Когда ангелы спят» фильміне жұбайымен бірге түсіп, ресми түрде үйленгенін жариялаған-ды. Жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованы көпшілікке таныстырып, жаңалық жасағанымен, түсірген фильмі өз шығынын ақтай алмады.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған жарын түсірген фильмінде қоғамдағы өткір  әрі зілді мәселелерді қозғаған. Фильм де көптің көңілінен шығып, жағымды пікірлер айтылып жатты. Алайда «Арман. Когда ангелы спят» фильмінің екі апта ішінде жинаған кассасы 18 млн теңгеден аспады.

Ал фильмнің соңғы аптада түсірген табысы – небары 500 мың теңге.

Айта кетсек, қазақстандықтар сүйіп тамашалаған фильмдер қатарында ресейлік «Последний богатырь» фильмі көш бастап тұр. Фильмнің Қазақстанда жинаған кассасы 50 млн теңгені құрады.

Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Қосанова Бразилияда домбырадан шеберлік сабағын өткізді

Париждегі қазақ бишісі өнерімен Франция жұртын тәнті етіп жүр (фото)

Семіз әйелдерді сұлу әрі байлық статусы санайтын 10 ел (фото)

Ол жақта жер көп: Атамбаев ел саясатын қолдамайтын қырғызстандықтарға Қазақстанға баруға кеңес берді

Талқылау