Роналдиньо әуе апатына ұшыраған бразилиялық клубта тегін ойнауға дайын екенін айтты

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 8:07

Футбол аңызына айналған бразилиялық ойынша Роналдиньо әуе апатына ұшырап, қара жамылған “Шапекоэнсе” клубына өз қызметін ұсынды.

1641502

Фото: Eurosport

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

2002 жылғы әлем чемпионы, ПСЖ мен “Барселона” клубтарыны бұрынғы жұлдызды футболшысы алдағы бір жылын “Шапекоэнсе” сапында өткізуі мүмкін.

36 жастағы футболшы тіпті бұл үшін бір тиын да ақы сұрамайтынын айтыпты. Тек 29 қараша күні әуе апатынан қаза тапқан футболшылар мен клуб қызметкерлерінің құрметіне өзінің осы игі ісін арнауға ниетті.

Футболшы соңғы рет “Флуминенсе” клубында доп тепкен. Сондай-ақ, 2014 жылы мансабын аяқтаған, Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы 38 жастағы Хуан Рикельме де “Шапекоэнсеге” ауысуға ниет танытқан.

Еске сала кетсек, 29 қараша күні Боливиядан Колумбияға қарай ұшып шыққан әуе лайнері апатқа ұшыраған еді. Бортта 81 адам болған. Арасында бразилияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Шапекоэнсе” клубы да бар. Команда Оңтүстік америка кубогының финалында ойнауға бара жатқан. Деректер бойынша, апаттан тек 5 адам ғана аман қалған.

Апатқа ұшыраған ұшақты бірнеше күн бұрын әйгілі футболшы Месси мінгені де айтылған еді. Ал мадридтік “Реалдың” жұлдызы Роналду қаза тапқан футболшылардың отбасына 3 млн еуродан аударды.

Оқи отырыңыз:

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар