Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роман Абрамұлының қызы әлеуметтік желіде айтылған сынға байланысты арықтады

Роман Абрамұлының қызы Софья әлеуметтік желілердегі қолданушылардың пікірінен кейін өзін қолға алып, диета ұстауға мәжбүр болған.

big

Бұл туралы super.ru хабарлайды.

Софья әлеуметтік желілердегі парақшасына әлемнің ең керемет жерлеріне саяхат жасаған кезіндегі суреттерді жариялаған. Алайда, 18 жастағы спортсмен қыз толық денесі үшін қымсынады. Ал, қолданушылардың пікірінше, желідегі негативті пікірлер оның комплексінен арылуына әсер етеді екен.

0297

Софьяның соңғы жариялаған суреті жанкүйерлерін одан әрі таңдандыра түсті. Қыздың жапсыра киген киімінен толық сымбаты анық байқалған. Осыдан кейін ол әлеуметтік желіде айтылған сындарға байланысты өзін қолға алып, диета ұстайтын болып шешкен.

«Мен өзім жайлы айтылған пікірлерге құлақ түремін. Кейбіреулер мен туралы өте жаман пікірлер айтып жатты. Менің оларды өшіріп, құлыптап тастауыма тура келді. Және олардың айтқаны мені одан әрі сенімсіз ете түсті», – дейді миллиардердің қызы.

ed7f9608269793a768da54deef3db92a_sofia_abramovich_01

Ол дұрыс тамақтанып, спорт залға баратынын айтып уәде берді. Сондай-ақ, өзінің ешқашан модель бола алмайтынын, сымбатының көз тартарлық емес екенін де атап өтті. Және бұдан кейін де Софья өзінің көңіл-күйін түсірмеу үшін негатив пікірлерді өшіріп тастайтынын да ескертті.

Талқылау