Рио-2016 қола медалі қазақстандық Денис Улановқа берілуі мүмкін

Сейсенбі, 30 Тамыз , 2016 13:13

Зілтемірші Денис Улановтың жеке бапкері Александр Девяткин «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Рио-де-Жанейрода қола медаль жеңіп алған Денистің румыниялық қарсыласының допингпен ұсталғанын, сол себепті қола медаль төртінші орын алған Денис Улановқа берілуі мүмкін.

20160830123128

– Денис пен румыниялық ауыр атлеттің екеуі де Риода 390 келі көтерген еді. Бірақ, Денистің салмағы одан 200 грамм ауыр болып, қола жүлдеден айырылып қалған. Ал бүгін түнгі екіде допинг-бақылаудың қорытындысы жарияланды және америкалықтар, еуропалықтар, тіпті румыниялықтар Денисты қола медалімен құттықтап үлгерді, өзіміздің отандастарымыз әлі кешігіп жатыр. Бұл ақпарат олимпиадалық сайтта тұр, енді тек ХОК ресми хабарламасын күтеміз. Ашығын айтқанда, румыниялықтың зілтемір көтеруінің өзі күдікті болып көрініп еді.

–  Денисті неше жылдан бері жаттықтырып келесіз және Денис сізге қалай келді?

–   Ол Зырян ауданынан келді және осында колледж бітірді. Әлі алдымызда келесі жылы өтетін Әлем чемпионаты бар, соған дайындық үстіндеміз. Денис әлі жап-жас, жасы 22-де, әлі үйленбеген, сондықтан оның негізгі жеңістері әлі алда. Денис – өте талантты жігіт. Риода көптеген елдің өкілдері оны айналшықтап жүріп алды.

–   Денистен бөлек Қазақстанға спорттық жеңістер әкелетін басқа да шәкірттеріңіз бар ма?

–    Иә, ҚР құрамасындағы Каплин мен Галушко Иван бар.


Жіберіп алмаңыз:

Денис Уланов не себепті жеңіліп қалғанын айтып берді

Денис Уланов олимпиада ойындарының жүлдесіне бір қадам жетпей тоқтады

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Азия чемпионы атанды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар