Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 20-орынға сырғыды

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 20-орынға сырғыды.

photo_191449

Тура қазір есеп бойынша АҚШ 28 алтын 28 күміс, 28 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте  көш бастап тұр.

Ал Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 20-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі спортшымыз – ауыр атлет Нижат Рахимов және 200 метр қашықтыққа жүзуден Дмитрий Баландин екеуі алтын жеңіп алды.

Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанған еді.

Сонымен қатар Ольга Рыпакова мен ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль жеңіп алса, Василий Левит үшінші күмісті жеңіп алған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады

Левит-Тищенко жекпе-жегін қайта қарау туралы петицияға 11,5 мың адам қол қойды

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

РИО-2016: Иван Дычко жартылай финалға шықты (фото)

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына өтті (фото)

Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Талқылау