Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік танымал актриса Қарағандыдан туған атасын іздеп жүр

Белорусь және Ресейдің танымал актрисасы Янина Мелехова Қарағандыға келіп, жақын туысын іздеп жүр.

Янина Мелехова

Болжам бойынша, актриса туған атасын іздеуде. Актриса оның есімін, қарағандылық және қазақ екенін ғана біледі екен, деп хабарлайды «Новый Вестник» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Өткен ғасырдың 50-жылдарында қарағандылық жауынгер Белорусьтің Борисов қаласында әскери борышын өтеген. Ол белгісіз себептермен 1954 жылы жоғалып кетіпі. Содан бері одан ешқандай хабар болмаған. Актрисаның болжамынша, қарағандылық сарбаз әскерде борышын өтеп жүрген кезде баласы (ред. Янинаның әкесі) дүниеге келетінін білмеген.

«Туыстарымыздың әңгімелеуінше, сарбаздың есімі – Әлімбай Шахмұхамедов немесе Әлімбай Шахмұхамбетов. Біздің екі нұсқамыз бар», – дейді Мелехова.

Актрисаның әкесіне туу туралы куәлік берілгеннен кейін, құжаттағы әкесінің аты жазылмапты. Алайда Янинаның әжесі ұлының тегі болуы үшін, өзі басқа есім жаздырыпты. Ұялғаннан ба, әлде «Әлімбайұлы» тегін жасырып қалғысы келді ме, әйтеуір әйел ұлына «Олегович» тегін берген.

«Менің есебім бойынша, атам қазір 90 жаста. Ол әлі тірі болса жақсы болар еді. ол 1955 жылы әскерден Қарағандыға қайтып келді ме немесе басқа жерде қалып қойды ма, білмеймін. Әжем екеуінің арасында үлкен махаббат болған. Мұнан кейін ешкіммен кездеспеген. Ол тұрмысқа шықпай, ұлын жалғыз өзі өсірді. Ол адалдығын сақтаған болар. Нақты не болғанын және сарбаздың неліктен жоғалып кеткенін айту қиын», – дейді актриса.

Ресейлік танымал актриса Қарағандыдан туған атасын іздеп жүр

Янина Мелехова әкесі және әпкесімен

Янина Қарағандыға келгеннен кейін бірден АХАТ-қа барған. Ондағылар актрисаны түсініп, архивті тексерді. Тексерістен кейін актрисаның атасы мен әкесінің арасынан байланыс табылды. Алайда мұнан кейін актрисаны әділет органы мен әскери комиссариатқа жіберді.

«Менің шыққан тегім – қазақ. Мен оған сенемін. Әкемнің көзі қоңыр және қара-торылау. Менде де солай. Және Әлімбай Шахмұхамбетов деген есімді ойдан құрастыру да… Мен атамды тапқым келеді. Әкем де оны көргісі келеді», – дейді актриса.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау