Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қара нәсілді 30 азамат мас күйде моншада төбелесіп, жалаңаш қашып кеткен

Куәгерлер полицейлерден 10 шақты қара нәсілді азаматтардың қар үстінде жалаңаш күйінде қашып бара жатқандарын көрген. Ол жерге 32 жігіт пен 20 шақты қыз барған.

xw_1011343

Сурет vesti.ru сайтынан алынды

18 ақпан күні түнде Ресейдің Петербург қаласындағы моншада ерекше төбелес болды.

Ішімдік ішіп масайған соң олар жанжалдасып, соңынан төбелесе бастаған. Монша қызметкерлері оларға өздігінше басу айтуға тырысқан. Алайда, одан ешнәрсе шықпаған соң полиция шақыртқан. Полицейлер келгенде ер адамдар жалаңаш күйінде қаша жөнелген.

Полицейлер 1 сағат ішінде жан жаққа қашқаш азаматтарды жинап алған. Олар ашуы басылған соң бір-бірімен татуласып, ешқанда өкпелерінің жоқ екенін айтқан.

Талқылау