Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рано 3 айлық ұлын әнші құрбыларымен таныстырды (фото)

Рано Омарова ұлын алғаш рет далаға қыдыртып, әнші құрбыларымен таныстырды.

0

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Биыл 5 наурызында Рано Омароваға сырға салынған болатын. Артынша мамыр айында босанып, маусым айының 16-сы күні ұлын қырқынан шығарды. Бүгін әнші тұңғышы Әмірханды алғаш рет көшеде қыдыртып, құрбыларымен таныстырды. Кездесуге Лидо, кіндік шешесі Луина, Ділназ Ахмадиева сынды танымал жұлдыздар келді.

“Бүгін әйтеуір дегенде көшеге шығып, балапанымды құрбыларыммен таныстырдым. Қыздар, келгендерің үшін көп рахмет! Әдеттегідей тамаша отырыс болды. Барлықтарыңды сағынып қалған екенмін. Ал бүгін жолыға алмаған жандармен әлі талай кездесетініміз анық”, – дейді Рано Омарова.

01

Әнші ұлын қырқынан шығарған соң үйлену тойы дүркіретіп жасайтынын айтқан болатын. Мұнымен қатар, БАҚ өкілдерін шақыруға уәде берген-ді. Ұлының қырқынан шыққанына екі ай толса да, әзірге тойдың болған-болмағаны белгісіз. Десе де, әншінің тойсыз-ақ бақыттан басы айналып жүргені байқалады.

“Тұңғышым, балапанымның дүние есігін ашқанына бүгін 3 ай толды. Жаратқанға сансыз шүкір деймін! Кейде жүзіне қарап отырып, мұндай баға жетпес асылдың маған тиесілі екеніне қуанып кетемін. Ана бақытын сезініп, Әмірханның қамқоршысы болып жүргенім үшін бақыттымын! Ұлым, мен сені қатты жақсы көремін! Сенің жұмақтай тәтті иісің мен күлкіңнің, мөлдір тұнық көздеріңнің мен үшін қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, – дейді ол.

02

Ал әншінің қуанышын бөлісуге келген құрбылары ұлымен кезек-кезек суретке түсіп, оны желідегі парақшаларына салуға асықты.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлын қырқынан шығарған Рано Омарова үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек

Рано Омарова: Ана болу бақытын сөзбен жеткізе алмаймын

Рано Омарова көпшілікке алғаш рет сүйіктісі мен сәбиін көрсетті (фото)

Рано Омарова тұңғышына қалай дайындалып жүргенін көрсетті (видео)

Талқылау