Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рақымжан Отарбаевты қалың ел ақтық сапарға шығарып салды

Мінезімен де, мінезге бай кейіпкерлерімен де халықтың сүйікті жазушысына айналған Рақымжан Отарбаевты қалың ел ақтық сапарға шығарып салды. Жазушымен қоштасуға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері Атырауға арнайы келді.

Рақымжан Отарбаев – әдеби ортаға ерте танылып, проза мен драматургияда қатар еңбек етті. Жазушының «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры» секілді бірнеше кітабы оқырманның ыстық ықыласына бөленген.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын, орыс, қытай тілдеріне аударылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Мұстафа Шоқай» сияқты пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанып келді. Марқұмның соңында жары мен төрт қыз, бір ұлы қалды.

«Рақымжанның ерте кеткеніне қатты өкінеміз. Өйткені, оның ішінде талай-талай талантты дүниелер, талай-талай жаңа шығармалар кетті. Әрине, қазақ әдебиеті осы жағынан қатты күйзеліске ұшырап отыр»,- дейді жазушы Мереке Құлкенов.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

Алматыда шетелдік фотографқа Көк базарды суретке түсіруге тыйым салды

Бәкеден келдім: Астанада алаяқтар әкім атын пайдаланып, мейрамханада тегін тамақтанып келген

Сүйген қызын алып қашқан қазақстандық жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Талқылау