Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

Қызылорда қаласы мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына бір күнге сабақ  тоқтатылды.  Сонымен қатар, облыстағы бірнеше жол жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Онда жауын-шашын салдарынан көктайғақ орын алған.

Көктайғаққа байланысты қалада көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстары басталды. Оған 16 арнайы техника жұмылдырылды.

Көшелерге 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа септі. 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалады.

Айта кетейік, көктайғаққа байланысты 20 қаңтарда «Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласынан Бұқарбай ауылына дейінгі аралығы және«Самара-Шымкент» тас жолының Жосалы кентінен Шиелі кентіне дейінгі аралығы жабылды.

Қазіргі уақытта Қызылордада қар жауып тұр.

Тағы оқыңыз:

Ойын алаңында орналасқан ағаш дәретхана Оралдықтарды ашуландырды

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Алматылық теміржолшы ана мен баланы өрттен құтқарып қалды

Алматыда шетелдік фотографқа Көк базарды суретке түсіруге тыйым салды

 

Талқылау