Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ойын алаңында орналасқан ағаш дәретхана оралдықтарды ашуландырды

Зачаганск қаласы Қамбар батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында құрысшылар тұрғызып кеткен дәретхана әлі тұр. Оған қоса дәретхана дәл балалар ойнайтын алаңда орналасқан.

Бұл туралы  Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Бұл дәретхананың тұрғанына көп болды. Сондай-ақ оның есігі сынып қалғандықтан жабылмайды. Балалар осы алаңда ойнап жүріп дәретхана шұңқырына түсіп кете ме деп қорқамыз.Оның үстіне күн жылыса жағымсыз иіс шығады. Балалар сонда сол жағымсыз иіс шығатын жерде ойнауы керек пе? Не деген жауасыздық. Неліктен құрылысшылар үй құрылысы аяқталғаннан кейін дәретхананы алып тастамаған» – деп шағымданды ғимарат тұрғыны Айгүл.

Тұрғындардың көпшілігі аулада орналасқан дәретхананың есігі жабылмаса да, онда мұқтаждығын өтеу үшін барып жүргендер көп дейді.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі осы мекен-жайға барып көргеннен кейін мәселені бір жақты қылуға уәде берді.

Жіберіп алмаңыз:

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Алматылық теміржолшы ана мен баланы өрттен құтқарып қалды

Алматыда шетелдік фотографқа Көк базарды суретке түсіруге тыйым салды

Сот алдында жауап беріп жатқан Тоқмәдидің қызы құндыз ішігін сатуға қойды

Талқылау