Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәкеден келдім: Астанада алаяқтар әкім атын пайдаланып, мейрамханада тегін тамақтанып келген

Қала әкімі атынан Астана мейрамханаларында тегін тамақтанып жүрген алаяқтарды полиция қызметкерлері қолға түсіре алмай жүр.

Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz  хабарлайды.

Белгісіз біреулер қала әкімшілігінің атынан мейрамханаларға немесе банкет залдарына тапсырыс берген. Олар қала әкімі немесе оның орынбасарлары түскі асқа немесе кешкі асқа қонақ ертіп келетіні туралы хабарлаған.

Сондай-ақ, алаяқтар мейрамханада сатыла бермейтін қымбат ішімдіктерге де тапсырыс беріпті.

Тіпті мейрамханаларға элиталық алкоголь сатып алуға болатын дүкендердің мекенжайларын беріп, Qiwi-әмиян арқылы тиісті жерге ақша аударуды сұраған. Алаяқтар банкет біткеннен кейін толық төлем жүргізілетінін айтып, мейрамханаларды сан соқтырып кеткен.

«Тапсырыстан бас тартқысы келмеген мейрамхана қызметкерлері элиталық алкогольді сатып алуға ақша аударған. Ал арам ниеттерін іске асырған алаяқтар телефондарын сөндіріп, ізін суытқан», – деп хабарлады департамент.

Жіберіп алмаңыз:

Сүйген қызын алып қашқан қазақстандық жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Ақтөбеде 52 жолаушы қаза тапқан автобустың техникалық ақаулары болған

Таразда лауазымды полицейлер парамен ұсталды

 

Талқылау