Сүйген қызын алып қашқан қазақстандық жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Адвокат Әсел (Нұрмаханова) Тоқаева қалыңдық ұрлығын «адам ұрлығы» деп есепетемеу керек деген ұсыныс тастады.  Бұл туралы желідегі «Қазақстан адвокаттары» тобында жазды.

Желідегі топта адвокат Руслан Шағатаев қорғалушысы ҚР ҚК 125 бап, 2 бөлім, 1,3  тармақтары (Ұйымдасқан түрде адам ұрлау) бойынша айыпталып жатқанын айтып, әріптестерінің кеңесін сұрады.

«Менің қорғалушым көзсіз ғашық болып, оны жоғалтып алудан қорқып қазақтың дәстүрі бойынша сүйікті қызын алып қашуды ойлаған. Бұл ойын достарына айтып, көмек сұрған. Тағы 3 досы да алып қашуға көмектесетін болды. 4 жігіт қызды жұмыс орнынан ұрлап, күйеу жігіттің үйіне апарып тастаған. 40 минут өткен соң полиция келіп, қызбен қоса күйеу жігітті өздерімен бірге алып кеткен. Қызды ұрлағаннан кейін оған ешқандай зорлық көрсетілмеген. Кетем деген қыз жігіттің бетінен ұра бастаған, жігіт оны тынышталдыру үшін бетінен бір рет ұрған. Содан қыздың бетіне кішкене зақым келген. Бірақ, денесінде ешқандай жарақаттар жоқ», – деп жазды Шағатаев.

Адвокаттың айтуынша, жігіт кінәсін мойындады. Қыздың әкесі кешірмейтінін айтып, жазалуды сұрады. Оны  7 жылдан 12 жылға дейін бостандығынан айыруы мүмкін.

Шағатаевқа жауап берген адвокат Әсел Тоқаева  қалыңдықты ұрлаудағы мақсатын ескеру керегін айтты.

«Бөлек құрам енгізу керек. Үйлену мақсатында ұлау деген сияқты. Оның да жазасы басқаша болады.Егер адамды мүлде басқа мақсатта ұрласа әңіме басқа», – дейді ол

Шағатаева оған жаңа мақала жазып, Жоғары сотқа немесе бас прокуратураға ұсыну керектігін айтты.

Өз кезегінде Тоқаев бұл ұсынысты жақсы қабылдады.

Тағы оқыңыз:

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Ақтөбеде 52 жолаушы қаза тапқан автобустың техникалық ақаулары болған

Таразда лауазымды полицейлер парамен ұсталды

Қостанайда дәрігер-реаниматолог жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар