Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пугачева зейнетақының аздығына шағымданды

Ресейдің танымал әншісі Алла Пугачева зейнетақысының аздығын айтып, шағымданды. Атақты әнші айына небәрі 17 мың рубль (шамамен 95 мың теңге) көлемінде зейнетақы алады. Пугачеваның КСРО Халық әртісі атағы мен Чернобыль апатының зардаптарын жоюшы ретінде алатын ақысын қосқанның өзінде осындай сомма шығады екен.

1пугачева

Бұл туралы «Дни.ру» порталы хабарлады.

Пугачева зейнет демалысына шыққан соң, оның күйеуі Максим Галкин Кеңес Одағы кезінде әртістің пластинкаларының миллиондаған данамен шығарылғанын атап өтті.

«Ол Чернобыльде өнер көрсетті, өмір бойы еңбек етті, ал алып отырған зейнетақы соммасы тіпті күлкіңді келтіреді», – деп мәлімдеді ол.

Танымал әнші елді шулатқан концерттердің өзінен аз пайда тапқан. Ол Липецк филармониясының солисі ретінде әр өнер көрсетуіне 7,5 рубльдан алып отырды. КСРО мәдениет министрлігінің мемлекеттік тарифтік комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, 1978 жылы Пугачеваның бір реттік концерт беру құны 16 рубль 50 тиынды құраған. Стефановичтің кезінде әнші 47 рубль 50 тиын алып отырған. Оның зейнетақысы да осы табыстарына негізделіп есептелген.

Басылымның хабарлауынша, әнші зейнетақы туралы жуырда өткен немересінің тойында айтып шағымданыпты (тойдың өзіне 25 миллион рубль ақша кеткен).

«Зейнетақым аз, бірақ әлі бір жылға дейін шыдаймын», – деді ағынан жарылып Пугачева. Ол осылайша немересіне тағы бір жыл уақыт көмектесе алатынын меңзеген.

БАҚ-тың хабарлауынша, Пугачева көптеген жандарға көмектеседі. Ол арбаға таңылған жанкүйеріне ұдайы ақша аударып, сахна ардагерлеріне де көмек қолын созады екен. Мәселен, Пугачева көзі тірі кезінде Татьяна Самойловаға автокөлік сыйлапты.

Дегенмен зейнетақысының аздығына қарамастан, Пугачева Forbes нұсқасы бойынша, Ресейдегі ең қалталы әртістердің қатарына кіреді. Рейтинг бойынша, әртістің бір жылдық табысы төрт миллион долларды құрайды. Пугачеваның жалпы байлығы 100 миллион долларға бағаланып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты

Бір топ павлодарлық бүлдіршіндер Ерке Есмаханмен бірге ән салды (видео)

Продюсер Алтынбек Рахметов қызын ұзатты (фото)

Әнші Заттыбек ауылдастарына Намазхана салып берді

Талқылау