Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор «Қорғастағы» қанды оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Панфилов ауданының прокуроры Айдын Төребеков Алматы облысындағы “Қорғас” шекара маңында болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170605162503

Прокурор Айдын Төребековтің айтуынша, 4 маусым күні Төлегеновтің денесі Панфилов аудандық орталық емханасына жеткізілді. Кеудесінің сол жақ тұсынан жарақат алған Төлегенов емханаға жеткенше көз жұмды.

Ол оқиға орнында Кәріпжановпен ерегеседі. 1995 жылы туған Кәріпжанов Төлегеновтің кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Күдікті Кәріпжановты қамауға алу кезінде оң жамбасының жараланғаны байқалды. Өзінің айтуынша, ол осы төбелесте жараланған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Төлегенов пен Кәріпжановтың бұған дейін таныс екендіктері белгілі болды. Ек азамат таҚорғас ШХЫО аумағында саудагерлердің жүгін тасымалдап, ақша тауып келген.

Бұған дейін “Қорғас” шекара бекетіндегі адам өліміне әкелген төбелестің видеосын жариялаған едік.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандықтарға көлікті қайдан сатып алған тиімді

Қазақтың құрты мен ірімшігі шетелдік ғарышкерлердің ас мәзіріне кіреді

Талқылау