Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшада қоқыс арасынан ішінде 500 мың евросы бар шаңсорғыш табылды

Польшадағы Калобжег қаласында жергілікті қалалық қоқыс жинау қызметкерлері ерекше затты тауып алды.

2930324

Фото: sputnik-ossetia.ru

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Олар кездейсоқ ескі шаңсорғышты ашып қалғанда, ішінде 500 мың евро жатқан. Шаңсорғыш о баста қоқыс жинау көлігіне тиелген кезде жерге түсіп кетіп, біраз зақымданған. Қызметкерлердің бірі әшейін қызығушылықпен шаңсорғышты ашқан кезде, тазалауға арналған бөлігінде әлдеқандай қағаздардың жатқанын байқайды.

Ішкі қызығушылығы жеңіп әрі қарай қараған кезде, қызметкер ірі көлемдегі ақша екенін аңғарады. Қоқыспен айналысатын қызметкерлер дереу полицияға хабарласып, өзі бірден шаңсорғыштың иесін іздестіреді.

Ақырында барлық ақша иесіне толықтай қайтарылады. Бірақ, әйел шаңсорғыштың неліктен қоқысқа тасталғанын бәрібір түсіндірмеген.

Талқылау