Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Питон жыланы алып қолтырауынды түгелдей жұтып қойды

Австралияның Квинсленд штатында питон қолтырауынды жеп қойды. Бұл сәтті ер адам суретке түсіріп жариялады. 

Мартин Мюллер Иса тауынан түсіп келе жатып питон жыланының қолтырауынды қалай жеп жатқанын көреді.

Жыртқыштың өлі қолтырауынды жұтып жатқанын бірнеше суретке түсіріп алады. Суреттен жыланның жыртқышты асықпай жұтқаны көрінеді.

Ер адам суреттерді GG Wildlife Rescue Inc парақшасына жүктеді. Ондағы қолданушылар питонды сондай қашықтықты тұрып суретке түсірудің қаншалықты қауіпсіз екенін сұрап жатты. 

Желі қолданушылары питонның қолтырауынды жегенін көріп таңғалды. 

GG Wildlife Rescue Inc қолданушысы Мишель Джонс үйінде үй жануары ретінде екі питонды асырап отырғанын айтты. Айтуынша, питондар улы емес, бірақ кез келген нәрсені жұта алады. 

Талқылау