Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғындары 10 сағаттан бері ауыз сусыз отыр: Әкім кешірім сұрады

Петропавл тұрғындары 10 сағаттан бері ауыз сусыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Таңертеңнен бері қалада су беру тоқтатылған. Есіл өзеніндегі мұз массасының электр желілерінің тіректерін зақымдануынына байланысты қаланы сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының жұмысы тоқтап қалған.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындарына видеоүндеу жолдады. Әкім ауыз судың тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім сұрады. 

Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер төрт сағаттың ішінде ауыз суды жіберу үшін қажетті электр қуатын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. 

“Жұмысшылар 10 сағат бойы жұмыс істеп жатыр. Бірақ сорғы станциясына қарай бет алған мұз массалары жұмысты қиындатып отыр, мұндай жағдай ешқашан болған емес. Тағы төрт тірек зақымданған. Қазіргі жағдайға байланысты жұмыс түні бойы жалғасады. Арнайы қызметтердің барлық күші мен құралдары станцияны тезірек электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге бағытталған”, – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Қала тұрғындары үшін ауыз су үйлердің аулалары мен әлеуметтік нысандарға жеткізіледі.

"Тұрғындар су алу көлеміне байланысты көліктердің орны өзгеруі мүмкін, су алуға болатын нүктелер бойынша сұрақтар бойынша "Қызылжар су" ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады. Су жеткілікті, 10 тоннадан 20 тоннаға дейінгі үлкен цистерналар. Көліктер де жеткілікті. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер”, – деді қала әкімі. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @serik__mukhamediev

Талқылау