Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық тәртіп сақшысы 3 адамды өлімнен құтқарып қалды

Павлодар облысында ауыл учаскелік инспекторы үш адамды ажал аузынан алып қалды.

87caa6dce45181da5e386d2142742753

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында бүгін түнгі сағат 01.00-де болды. Өрт алдымен қорада тұтанып, кейін тұрғын үйді де жалмады. Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, полиция лейтенантының жедел әрекетінің арқасында үш адам құтқарылған.

«Учаске инспекторы Бауыржан Бидаев жұмысынан соң үйіне келе жатқанда шаруашылық нысанының жанып жатқанын көрген. Ұйытқып соққан желдің салдарынан от тұрғын үйге де тарады. Тәртіп сақшысы дереу үйге кіріп, жағдайды тексерген. Үйдің ішінде зейнет жасындағы азаматша, оның 49 жастағы ұлы мен немересі болған. Учаскелік полицей оларды оятып, сыртқа шығарған», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалынды ауыздықтауға үш өрт техникасы жұмылдырылған.

«Бес бөлмелі жер үй жанып кетті. Салдарынан баспананың шатыры құлаған. Жалпы, қызыл жалын 120 шаршы метрлік аумақты жалмады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Шығын көлемі мен себебі кейінірек белгілі болады», – дейді ТЖД баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаева.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулық такси жүргізушісі клиенттеріне кәмпит, сусын және аяқ киім щеткасын ұсынады

8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы марапаттан бас тартты

Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Талқылау