Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жоғалған келіншектің ұлына туыстары таласып жатыр

Павлодарда жеті ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған келіншектің туыстары енді оның артында қалған баласы үшін дауласуда. 46 жастағы Вера Николаеваның айтуынша, қызы былтыр қазан айында бұрынғы күйеуімен кездесуге кетіп, сол күйі оралмаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0эжэээ

46 жастағы Вера Николаева – көп балалы ана. Алты баланы жалғыз өсіріп жеткізген әйел қазір тұңғышы – Дарьяны таба алмай отыр. Бұрынғы күйеуімен кездесуге кеткен ол үйге сол күйі оралмапты. Жиендеріне бас-көз болып қалған анасы енді не өлі, не тірі екенін білмей дал.

“Бұрынғы күйеуі балаларды алып кетем деп жиі қорқытатын. Олар азаматтық некеде тұрып, екі жыл бұрын айырылысқан. Күйеуі кездесуге шақырып, ақыры мені қызымнан, балаларын анасынан айырды”, – дейді Дарья Николаеваның анасы Вера Николаева.

Ал шешесін 7 ай көрмеген бүлдіршіндердің бірі 3, екіншісі 2 жаста. Анасын әсіресе туғанынан демікпеге шалдыққан кішкентай Виталий жиі іздейді. Ал есі кіріп қалған Семен оны жұбатып жүр. 28 жастағы Дарьяның өзінен былтыр қазанның 22-нен бері хабар жоқ. Полиция талай жерді шарлағанымен, таппаған. Кездесуге шақырған бұрынғы күйеуінің туыстары да келіншекті көрмедік деп азар да безер.

“Ұлыма Дарьяны өлтірді деп жала жабуда. Полицейлер маңайдың бәрін қазып тінтіп ештеңе таппады. Меніңше, Дарья басқа біреумен тұрады. Ал бұл оқиғаны алимент өндіру үшін ойлап тапқан”, – дейді Николай Дубининнің анасы Наталья Дубинина.

Жұмбақ жағдайда жоғалған Дарья Николаеваға енді халықаралық іздеу жарияланды. Бастапқыда адам ұрлау бабымен іс қозғаған полицейлер қазір кісі өлтіру бойынша тергеу бастаған. Ал қос бүлдіршіннің ендігі тағдырын сот шешуі тиіс. Өйткені, әжелерінің қолындағы балаларды алуға әкесі де ниетті екен.

Дарья Николаеваны соңғы рет куәгерлер аудан орталығынан көрген екен. Оны іздеуге туыстарымен қоса еріктілердің де жұмылдырылғанын айта кетейік. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермегенімен, келіншектің үйіндегілер оның аман-есен ораларына сеніммен қарап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Талқылау