Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 21:45

Қарағанды облысында мектеп-интернатта басындағы битті улаған 8-ші сынып оқушысы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0жюд

Жасөспірімнің айтуынша, медбике басына кәдімгі керосинді жаққан. Содан кейін басы айналып есінен танып қала беріпті. Ал Гагарин ауылындағы мектеп басшылығы да, медбикесі де қыздың шашына битке қарсы арнайы сұйықтық жағылған дегеннен танбай отыр.

Осыдан бір апта бұрын шауып жүрген Нұрқанат құрбылары қолтықтамаса қозғала алмайтын халге жеткен. Басы айналып, аяқ-қолы тартылып қала береді. Ал медбике дәрілеген шашының арасынан күйген терілері көрініп тұр. Оқушы қыз болса, басына керосин жағылғанын анық білемін дейді.

“Жаман бензин сиякты иісі бар нәрсе жаққан. Білем ғой мен. Банканың қақпағын ашқан кезде бірден иісі мүңкіп шығып кетті. Ол кісі айтты керосин деп. Басында қарсы болдым сосын ол кісі ештеңе болмайды, түк етпейді деді. Жақты, содан кейін құлап қала бердім”, – дейді 8 сынып оқушысы Нұрқанат Еркін.

Дел-сал күйге түскен қызды интернат басшылығы ертеңіне үйіне әкеліп тастаған. Жақындары үйге дәрігер шақыртып баланы бірден Теміртаудың ауруханасына жөнелтіпті. Жансақтау бөлімінде бір күн жатқан соң, анемия диагнозымен дәрілер жазылып, үйге жіберілген. Ал мектеп медбикесі қыздың басына керосин емес, арнайы сұйықтық жақтым деп ант-су ішіп отыр.

“Педикулез анықталған үш баланың басына сол күні «Антибит» дәрісі жағылды. Бұл керосин емес. Ол қыз үнемі биттеп жүреді. Ата-анасына да сан мәрте айтылды. Қараса болар еді. Интернат болған соң басқа балаларға жұқтыруға болмайды”, – дейді медбике Юлия Рачко.

Алайда қыздың жақындары содан бері мектеп тарпынан оның халін сұраған тірі жан болмағанына ренжулі. Тіпті, жайын біле тұра, ауыл дәрігері оған аудандық ауруханаға жолдама да бермепті. Бұдан бүгін ғана хабардар болдық деген аудан басшылығы енді мектепке арнайы комиссия жіберетінін айтты. Ақ-қараны солар анықтауы тиіс. Ал басындағы битпен алысамыз деп өзін діңкелеткен Нұрқанатты толық медициналық тексерістен өткізетін болды.


Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар