Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 23 адам жапа шекті. Қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік, басқа машинаны соғып барып бағанаға бір-ақ жаншылған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Безымянный

Жараланғандардың түгелге жуығы автобус жолаушылары. Аяқ-қолы сынып, оңбай жараланған сегізі ауруханада жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қымбат джип автобусты басып озып, арнайы жолаққа шыққан екен. Сөйтіп, жол апатына себепкер болыпты. Олжас Байжан жапа шеккен жолаушылардың жағдайын біліп келді.

23 жолаушы зардап шеккен жол апаты Райымбек даңғылында болды. Нөмірі 63 бағыттағы автобус арнайы қоғамдық көлік үшін жүргізілген жолақпен келе жатқан. Ал желмен жарысқан Мерседес оны озып, оңға бұрып, кішігірім көшелердің біріне өтпек болыпты. Бірақ ол ойы іске аспай, арты апатпен аяқталды.

Жақын маңдағы үйдің бақылау камерасына сол апат сәті түсіп қалған. Онда джиптің бұрылған кезі мен автобус екеуінің соғылғаны анық көрінеді. Қатты соққыдан тіпті алып бағана майысып кеткен. Апаттан Мерседестің оң бүйірі жапырылып, дөңгелектері сынып кеткен. Ал автобус бірден тоқтай алмай, темір бағанаға соғылыпты. 23 адам жапа шеккен. Оның сегізі бірден ауруханаға жеткізілсе, үшеуі хал үстінде жатыр. Арасында ауыр келіншек пен екі жасар бала бар.

“Жеті ересек адам ауруханада жатыр, олардың жарақаттары әртірлі дәрежеде, әртүрлі сипатта. Ішінде бас жарақаттары, ушиб алған, әртүрлі жарақат алған. Бала қазір ауыр жағдайда, реанимация бөлімінде медициналық көмек алып жатыр”, – дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева.

Автопарктегілер апатқа бірден Мерседес жүргізушісін кінәлады. Дегенмен, тасымалдаушы ретінде жауапкершіліктен жалтармаймыз деп отыр. Арнайы сақтандырумен жарақат алғандардың әрқайсысына өтемақы төленеді деп сендірді.

“Жарақатына қарай әр жолаушы өтемақы алады. Өйткені, арнайы сақтандыруымыз бар. Ал автобустың алды зақымданыпты. Жөндеуге кеткен шығынды Гелендваген жүргізушісінен сот арқылы өндіріп аламыз”, – дейді «Green bus» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.

Алдағы уақытта тәртіп сақшыларына апатқа кімнің кінәлі екенін және кімнің қалай қозғалғанын анықтауға тура келеді. Тек содан соң кімнің сот алдында жауап беретіні анық болмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Әнші Айқын Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған қыз туралы ақпарат жариялады

ШҚО-да екі ғашық өз-өздерін өлтірмекші болды

Алматыда әйелімен ренжісіп қалған жүргізуші жол апатына ұшырады

Талқылау